RU

Ермек Тұрсынов атағы жер жаратын актрисамен қалай билегенін айтып берді

Әйгілі қазақстандық режиссер Ермек Тұрсынов 2010 жылы "Оскар" марапаттау кешінде атақты америкалық актриса Шэрон Стоунмен болған қызықты оқиғаны айтып берді деп хабарлайды Sputnik.

Айта кетейік, режиссер түсірген "Келін" фильмі 2010 жылы үздік шетелдік фильм ретінде "Оскар" сыйлығына ұсынылған болатын. Тұрсынов Астанадағы авторлық кешінде сол мараппаттау рәсімінде болған қызық жайтты баяндады.

"Шэрон Стоун туралы "Келін" фильмі шыққан кезде мынадай бір қызық жайт болды. Шетелге сапарға аттандым, 24 халықаралық сыйлық, "Оскардың" шорт-листі, барабанның даңғыры. Смокингті жалға алып, "Оскар" марапаттау кешінен бір-ақ шықтым. Бір кезде Шэрон Стоун қасыма жетіп келіп: "Қалайсың? Не істеп жүрсің?" дейді. Сөйтіп, екеуміз билей бастадық. Қалтамда бар болғаны 200 доллар болатын. Екеуіміз билеп жүрміз, "ақшам орнында ма екен" деп тексеріп қоямын. Кенет ол: "Басым айналып кетті. Үйге қайтайын" деді. Содан соң: "Ал, сау бол! Жазда Гонконгқа барам, Лиге сәлем айт" деп кетіп қалды. Сөйтсем, ол мені гонконгтік режиссермен шатастырып алған екен", - дейді ол.

Кездесу барысында режиссер атақты Сұлтан Бейбарыс туралы фильм түсіру ойында бар екенін айтып қалды.

"Сұлтан Бейбарыс туралы студенттік кезімнен бері іздендім, кейіннен "Мәмлүк" романын жаздым. Бұл тақырыпты алуға ой салған "Емшан" повесінің авторы Морис Симашко болатын. Ол: "Сендер, қазақтар, үнемі ұлттық тарихты тереңдетуге тырысасыңдар. Тарихтың терең сырларын ашқыларың келсе, алысқа бармай-ақ Сұлтан Бейбарысты зерттеңдер" – деген еді.

Сұлтан Бейбарыстың тарихи тұлғасы Шыңғысхан, Наполеон және Ескендірден кем түспейді. Ол өте аз танылған аңыз адам. Мәселен, Мысыр елінде Бейбарысты пір тұтады. Ешқашан Бейбарысты атымен атамайды, "жеңіс әкесі", " патшалардың патшасы", "дінді қорғаушы" деп біледі.  Өйткені ол кресшілер мен монғолдарға тойтарыс беріп, араб әлемінің астанасы болған Иерусалимді қорғап қалған. Сергей Азимов екеуіміз "Мәмлүк" фильмін түсірмекші болып, араб кастингін өткізіп, фильм түсіретін жерлерді таңдап, қаражат жинаған едік. Сол сәтте дағдарыс басталып, шейхтердің өзі де ақша таба алмай қалды. Жоба тоқтап қалды, бірақ фильм түсіруге әлі де ынтамыз бар", - дейді Тұрсынов.

Тағы оқыңыздар:

Алматы метросындағы қазақша жарнама көпшіліктің ашуын келтірді (фото)

18 қазанда Илья Ильиннің тағдыры шешілетін болды

Павлодарда зейнеткер 4 жасар баламен бірге жер астына түсіп кетті (фото, видео)

NUR.KZ ең әділ сұлулық байқауын бастайды

Астанада тәрбиешілер дамуы артта қалған қыз баланы ұрып-соққан (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1270911-ermek-tursynov-ataghy-zher-zharatyn-arti.html