RU

Батыл келіншек қолтырауынды тәпішкемен қорқытып қуып жіберді (видео)

Австралияның солтүстігінде орналасқан Какаду Ұлттық паркінде итін қыдыртып жүрген әйел қолтырауынды тәпішкемен қорқытып, қуып жіберен.

Аллигаторлар Шығыс өзенінің жағалауында қыдырып жүрген әйелдің итіне қолтырауын шабуыл жасамақ болған, деп хабарлайды Baq.kz.

Оқиғаның қалай өрбігені туралы бейне YouTube-те таралған. Сол кезде иттің иесі жыртқышты тәпішкемен үркітіп жіберген.

Reuters ақпарат агенттігі хабарлағандай бейненің авторы табиғат зерттеушісі Линдон Анлезарк. Оның айтуынша «қолтырауынды қорқытқан әйел» бұндай істің қаншалықты қауіпті екендігін ойламаған сияқты.

«Адам нанғысыз жағдай. Бұндай қауіп-қатерге басын тігетіндер де табылады», - деді Анлезарк.

Бейнені тамашалаған ғаламтор қолданушылары аталған өзенде 120-ға тарта рептилия мекендейді дейді. Соңғы рет бұл жыртқыштың шабуылы 1987 тіркелген. Өкінішке орай, сол кезде жағдай қайғылы аяқталған.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда із-түзсіз жоғалған келіншек бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)

Шымкентте 13 адам ҰБТ "жауаптарын" сатумен айналысқан

Дәрігерлер ВИЧ-ке шалдыққан ересек адамды құлан-таза айықтырды

Жапониялықтар Олимпиада медалін ескі смартфондардан жасамақшы

Универсиадада Қазақстанға алтын сыйлауы мүмкін спортшылар кімдер?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1271019-batyl-kelinshek-qoltyrauyndy-tapishke.html