RU

Желіде Төреғалидің халықтан жасырып жүрген жарының суреттері тарап кетті

Көптеген ақпарат құралдары әнші Төреғали Төреәлі 2014 жылы шаңырақ көтеріп, оның заңды жұбайының есімі Толқын Тұрарбекқызы Мырзақымова деп жариялаған еді. Бір қызығы, оның тойынан сыр шертетін суреттер еш жерде шықпаған. Сондықтан, ел арасында оның бойдақ, бойдақ еместігі күмәнді сұрақ болып қала берді. NUR.KZ порталы бұл сұрақтың басын ашуға тырысып көрді.

Төреғали Төреәлінің жеке өмірі "жеті қабат жер астындағы" құпия. Оны әлі ешкім ашпаған. Көпшілік қауымның сүйіспеншілігіне бөленген жас әнші шынымен үйленген бе деген сұрақ елдің көкейінде жүр.

Шынымен үйленген болса, оның таңдауына ие болған ару қыздың кім екені жұртқа тіптен қызық.

2014 жылы Төреғали үйленді деген ақпарат елге жайылып кетсе де, ол өзін бойдақ ретінде көрсетуін қоймады.

Бұл суреттердің барлығын оның өнердегі әріптестері Еркін Нұржанов, Дастан Оразбеков, Нұрлыбек Ерғалиевтер желіге жариялаған еді.

Бұдан басқа желіде Төреғали мен келіншегінің мынадай суреттері де бар.

V Kontakte желісінде Толқын Тұрарбекова дейтін есіммен тіркелген тағы бір парақшада Төреғалидің Томирис және Төрежан есімді балалары бар екені де жазылған. Бірақ, бұл парақшаны қолданушылары фейк деп атаған. Сондықтан, бұл ақпараттың қаншалықты рас-өтірігі әлі де белгісіз күйінде қалып отыр.

Мына сурет арнайы программа арқылы түсініксіз етіп өңделсе де, суреттегі қыз бен оның келіншегі делінген қалыңдықтың ұқсастығы білінеді.

Мұның барлығы Төреғали Төреәлінің үйлену тойынан сыр шертетін суреттер болса, Сұлтанбек Мырзақым деген есіммен тіркелген желі қолданушысы Төреғали Төреәлімен түскен суретін жариялап, "Әзілің жарасса жезделеріңмен қалжыңдас",- деп жазып қойған екен.

Бұл тұста ол Төреғалидің қалыңдығы ретінде танитын қызды "әпкем" деп жазып қойған.

Әлеуметтік желілер әлемінен Толқын Мырзақымова дейтін қолданушыны іздеп көріп, тапқан нәтижелер оқырмандар назарына ұсынылып отыр.

Бұл парақша фейк болмауы мүмкін. Себебі, парақша 2010 жылдан бері жаңартылмаған.

Сонымен бірге, Толқын Мырзақымова дейтін қолданушының Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінде оқығаны да белгілі болды.

Ол оқу орнында өте белсенді, өнерге жақын қыз болған. Себебі, Толқын университет қабырғасындағы іс-шарада танымал әнші Мұрат Қожамен ән айтқан.

Сонымен бірге, «Студенттік көктем-2010» байқауында 2 орынға, ал 2011 жылы өткен "Ана тілі аруы" байқауында «Самая обоятельная» ("Ең тартымды") аталымы бойынша марапатталған.

Толқын Мырзақымова есімді желі қолданушысы мен Төреғалидің жұбайының өзара сәйкестігі бар-жоғын анықтау оқырманның қырағы назарына қалды.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда із-түзсіз жоғалған келіншек бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)

Шымкентте 13 адам ҰБТ "жауаптарын" сатумен айналысқан

Дәрігерлер ВИЧ-ке шалдыққан ересек адамды құлан-таза айықтырды

Жапониялықтар Олимпиада медалін ескі смартфондардан жасамақшы

Универсиадада Қазақстанға алтын сыйлауы мүмкін спортшылар кімдер?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1271198-zhelide-toreghalidinh-khalyqtan-zhasyryp.html