RU

Шымкентте жалған доллар жасап елді алдаған алаяқ африкалықтар ұсталып қалды

Шымкентте Нигериядан келген қос қара нәсілді жалған доллар жасағандары үшін істі болмақ деп хабарлайды КТК арнасы.

Елге қыркүйек айында ғана ұшып келген 30 және 39 жастағы екі жігіт шымкенттік кәсіпкермен танысқан. Олар іскердің «бекіре балығын көбейту» туралы бизнес-жоспарымен танысып, 8 миллион доллар инвестиция құюға уәде етіпті. Бірақ ол үшін кәсіпкерден алдап-сулап 16 мың долларын алған.

Қуанып кеткен қара нәсілділер оны жалдамалы пәтерлеріне әкеліп, жалған ақша жасаудың құпиясымен бөлісіпті. Қара қағазға химикат құйып, долларға ұқсас купюра шығарғанын көрген бизнесменнің өзі-ақ оларды полицияға ұстап берді.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда із-түзсіз жоғалған келіншек бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)

Шымкентте 13 адам ҰБТ "жауаптарын" сатумен айналысқан

Дәрігерлер ВИЧ-ке шалдыққан ересек адамды құлан-таза айықтырды

Жапониялықтар Олимпиада медалін ескі смартфондардан жасамақшы

Универсиадада Қазақстанға алтын сыйлауы мүмкін спортшылар кімдер?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1271203-shymkentte-zhalghan-dollar-zhasap-eldi-al.html