RU

Мұсылман қыз туған інісін өлімнен құтқарып, өзі қаза болды

Сауд Арабиясында мұсылман қызы мектепте оқитын туған інісін асқынған аурудан арашалап, өзі өмірден өтті, деп хабарлайды шетелдік басылымға сілтеме жасап Muslim.kz.

22 жасар Рим есімді қыз 12 жастағы інісі Файсалдың өмірі үшін өз өмірінің соңғы сағатына дейін күресті. Жедел түрде інісінің бүйрегін ауыстыру үшін көптеген әлеуметтік желілерге хабарлама таратты. Өтініш-тілегі жауапсыз қалмады. Әскери саланың қызметкері жас балаға донор болуға келісім берді.

«Аллаға мақтаулар болсын. Ініме көмектесуге қол созып, сіз менің жүрегімді тыныштандырдыңыз», - деп жазады Рим әскери азаматқа жолдаған хатында.

«Менің інімнің тірі қалуы үшін өз тәнін бөлісіп, бүйрегін берген адам Алланың қалауымен оның сауығуына себепші болды. Алла Тағала оның тезірек жазылып кетуін нәсіп етсін», - дейді Рим.

Алайда өкінішке орай ота сәтімен аяқталғаннан кейін Файсалдың әпкесі күтпеген жерден ұйқы үстінде дүниеден өтті.

Тағы оқыңыздар:

Жыныс мүшесіне көңілі толмаған қазақстандық еркектер пышақ астына түсуде (фото)

Астанада бөтеннің тойында алаңсыз көңіл көтерген ұры қонақтарды тонап кетті (фото)

БАҚ: Алматы облысында жоғалған үш ағайынды шекара бекетіне жақын маңда өлтірілген (фото, видео)

Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да бас көтерді

Пойыздарда телефонын тоққа қосқаны үшін жолаушыдан ақша сұрайтындар енді жұмыстан қуылады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1271460-boyzhetken-tughan-inisin-auyr-dertten-s.html