RU

Ресейде бойжеткен 12 жастағы жеткіншектен ұл босанды

Ресейде бойжеткен 12 жастағы жеткіншектен ұлды болды. Нәзік жандының әрекетіне жергілікті тұрғындар жағасын ұстаған. Бұл туралы Риа Новостиге сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

19 жастағы бойжеткен кәмелетке толмаған ұл баламен көңіл жарастырғаны үшін он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Саратов облысында болған бұл жайттан жергілікті тұрғындар жағасын ұстаған. Себебі, бойжеткен жеткіншекпен төсектес болып, бір үйде тұрып жатқан екен.

"Алдын ала мәлімет бойынша 2015 жылдың қарашасында 19 жастағы бойжеткен 12 жастағы ұл баламен жыныстық қатынасқа түскен. Ал осы жылы ол жеткіншектен балалы (ұл бала) болды. Бұл жайтты құқық қорғаушылар өз бақылауына алды", - дейді агенттік дереккөзі.

Бойжеткеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Тағы оқыңыздар:

Жыныс мүшесіне көңілі толмаған қазақстандық еркектер пышақ астына түсуде (фото)

Астанада бөтеннің тойында алаңсыз көңіл көтерген ұры қонақтарды тонап кетті (фото)

БАҚ: Алматы облысында жоғалған үш ағайынды шекара бекетіне жақын маңда өлтірілген (фото, видео)

Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да бас көтерді

Пойыздарда телефонын тоққа қосқаны үшін жолаушыдан ақша сұрайтындар енді жұмыстан қуылады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1271503-reseyde-boyzhetken-12-zhastaghy-zhetkinshek.html