RU

Қарағандылық азамат итке бола Ресей тұрғынын өлтіріп тастады

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ел естімеген қылмысты қарады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сотталушы азамат өзімен бірге спирттік ішімдік ішкен жолдасын итіне пышақ тигізгені үшін о дүниеге аттандырған.

Р. есімді азамат пен Т. есімді азамат арақ ішіп отырып, масайғанда, Т.есімді азамат дастархандасының итін пышақтап тастаған екен. Иттің иесі бола бұған қатты ашуланып, Т. есімді азаматтың мойны мен арқасын өткір затпен ұра берген. Төбелес салдарынан Т есімді азамат тіл тартпай қаза табады. Ол - Ресей Федерациясының азаматы болған.

Ал, Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі маманданырылған ауданаралық соты анықтағандай, Р. есімді адам өз әйелін өлтіргені үшін сотталып, 2006 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.

Ал, енді ит үшін адам өлтіріп тағы 14 жылға сотталып отыр. Судья оны қатаң режимдегі түзеу колониясына қамау туралы үкім шығарды.

Тағы оқыңыздар:

Жыныс мүшесіне көңілі толмаған қазақстандық еркектер пышақ астына түсуде (фото)

Астанада бөтеннің тойында алаңсыз көңіл көтерген ұры қонақтарды тонап кетті (фото)

БАҚ: Алматы облысында жоғалған үш ағайынды шекара бекетіне жақын маңда өлтірілген (фото, видео)

Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да бас көтерді

Пойыздарда телефонын тоққа қосқаны үшін жолаушыдан ақша сұрайтындар енді жұмыстан қуылады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1271517-qaraghndylyq-azamat-itke-bola-resey-tu.html