RU

Павлодарда форма киген жігіттер кафеге келушілерді аяусыз соққыға жыққан (видео)

NUR.KZ редакциясына оқырманнан Павлодар қаласындағы кафелердің бірінде деген болжаммен форма киген белгісіз біреулер келушіні аяусыз соққыға жығып жатқаны түсірілген видео келіп түсті.

Видеодағы көріністе форма киген жігіттер екі келушіні қатігездікпен ұрғаны анық көрінеді. Жігіттер екеуінің бірін аяқпен бетінен тепсе, ал екіншісін қарудың өзімен басынан ұрады.

Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл істің қаралып жатқанын мәлімдеді. Істің анық-қанығы туралы мағлұматты кешірек беретіндері туралы хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Павлодар обылысында болған бірінші оқиға емес. Осыған дейін Қызыққақ ауылында арнаулы жасақ қызметкерлері бірнеше жігітті ұрып тастаған болатын. Олардың жапа шеккендерін дәрігерлер тіркеген еді.

 

Тағы оқыңыздар:

Жыныс мүшесіне көңілі толмаған қазақстандық еркектер пышақ астына түсуде (фото)

Астанада бөтеннің тойында алаңсыз көңіл көтерген ұры қонақтарды тонап кетті (фото)

БАҚ: Алматы облысында жоғалған үш ағайынды шекара бекетіне жақын маңда өлтірілген (фото, видео)

Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да бас көтерді

Пойыздарда телефонын тоққа қосқаны үшін жолаушыдан ақша сұрайтындар енді жұмыстан қуылады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1271529-pavlodarda-kafege-kelushilerdi-ayausy.html