RU

Мысығын дастарханда тамақтандыратын отандық актриса жұртты жиіркендірді (видео)

Танымал актриса Айсұлу Әзімбаеваның ас үй үстеліне шығып, өзі ішетін ыдыстан тамақ жеген мысығын көрген жұрт жиіркеніп, ашуға мінді деп хабарлайды NUR.KZ.

Айсұлу Әзімбаева желідегі парақшасына видео жүктеді. Видеода оның Рамзес деп атайтын мысығы үстелмен араласып, үстелдегі ыдыстан атмақ жеп жүр. Мұны көрген желі қолданушылары жиіркенгендерін жасырмады. Олардың айтуынша, мысықты жақсы көрудің жөні осы екен, тазалықты ұмытпаған жөн.

"Кеше жақсы күн болды. Бәрі үйде болды, біз үйрек етін жедік. Менің сүйікті мысығым да жеді", - деп жазып қойды актриса.

"Жиiркенішті", "Айс, қатырасыз...Үй жануарларымен бір ыдыстан тамақ ішкен тазалыққа жатпайды", "Фу, мысық сізбен бірге тамақ іше ме?", - деп жазды олар.

Дегенмен, әншінің мысығына тамсанып, оның бұл әрекетін қолдайтындар да табылды.

"Мен тіпті өзімнің мысығымды сүйетінмін. Онда тұрған не бар, қазір жүрмін ғой, сап-сау", "Ал мен итіммен бірге ас ішемін", - деп жазды Айсұлуда жақтағандар.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда із-түзсіз жоғалған келіншек бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)

Шымкентте 13 адам ҰБТ "жауаптарын" сатумен айналысқан

Дәрігерлер ВИЧ-ке шалдыққан ересек адамды құлан-таза айықтырды

Жапониялықтар Олимпиада медалін ескі смартфондардан жасамақшы

Универсиадада Қазақстанға алтын сыйлауы мүмкін спортшылар кімдер?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1271717-mysyghyn-dastarkhanda-tamaqtandyratyn.html