RU

Малайзияның туын іш киім қылып алған туристер жұрттың ашуына тиді (фото, видео)

Куала-Лумпурде өткен іс-шарада Малайзияның мемлекеттік туын қорлаған австралиялық тоғыз азамат тұтқынға алынды деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Олар Малайзияның туы бейнеленген іш киім киіп, көпшілік орында шешініп, шарап ішіп ойларына келгенін жасаған. Оларға «бейбітшілікті бұзу мақсатымен қасақана қорлау» бабы бойынша айып тағылуда. Қамауға алынғандар 25-29 жас аралығындағы азаматтар. Алдын ала болжам бойынша төрт күн қамауда болмақ. Олар аталған елге қыдыра келген туристер болып шықты.

Малайзия мұсылман мемлекеті болғандықтан мұндай қылмыстарға қатаң жаза беріледі. Туристердің бұл қылығына ашуланған жергілікті тұрғындар: «Бұл Малайзия халқын құрметтемеу. Бұл олардың мәдениетсіз екенін, сый-құрметті білмейтінін көрсетеді», - деп наразылық танытуда.

Тағы оқыңыздар:

Жыныс мүшесіне көңілі толмаған қазақстандық еркектер пышақ астына түсуде (фото)

Астанада бөтеннің тойында алаңсыз көңіл көтерген ұры қонақтарды тонап кетті (фото)

БАҚ: Алматы облысында жоғалған үш ағайынды шекара бекетіне жақын маңда өлтірілген (фото, видео)

Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да бас көтерді

Пойыздарда телефонын тоққа қосқаны үшін жолаушыдан ақша сұрайтындар енді жұмыстан қуылады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1271769-malayziyanynh-tuyn-ish-kiim-qylyp-alghan-t.html