RU

Алматыда жалақысын алуға кеткен ер азамат із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Алматыда 31 жастағы Пернебек Әсілбекұлы есімді азмат із-түзсіз жоғалып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматы қаласында 30 қыркүйекте сағат 14:00 де үйінен шығып айлығын алып келемін деп әлі күнге дейін оралмаған 31 жастағы Пернебек Әсiлбекұлы іздестірiлiп жатыр.

Пернебектін әйелі Мөлдір Әуезова айтуынша, ол "Адем" сауда орталығынан айлығымды алып келемін деп кеткен. Алайда жұбайы сол күйі үйіне оралмаған.

"Сағат 16:00 ден бастап хабарластым, телефоны сөндірулi", - дейді Пернебектің жары.

Қазір полицейлер жоғалған азаматты іздестіріп жатыр.

Айта кетейік, жоғалған күні Пернебек үстіне қара күртеше, жанында қызыл сызығы бар қара-көк спорттық шалбар (трико), кроссовки киген.  Ер адам орта бойлы және қара шашты. Бетінде қалдары, мойынында безі бар.

Пернебек туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер мына телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: 87029326207

Тағы оқыңыздар:

Жыныс мүшесіне көңілі толмаған қазақстандық еркектер пышақ астына түсуде (фото)

Астанада бөтеннің тойында алаңсыз көңіл көтерген ұры қонақтарды тонап кетті (фото)

БАҚ: Алматы облысында жоғалған үш ағайынды шекара бекетіне жақын маңда өлтірілген (фото, видео)

Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да бас көтерді

Пойыздарда телефонын тоққа қосқаны үшін жолаушыдан ақша сұрайтындар енді жұмыстан қуылады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1271800-almatyda-zhalaqysyn-alugha-ketken-er-az.html