RU

Павлодардағы күзет агенттігі: Біздің қызметкерлер ешкімді жайдан-жай соққыға жықпайды

Павлодардағы кафелердің бірінде форма киген қызметкерлердің келушіні ұрып-соғу әрекетіне байланысты күзет агенттігі түсініктеме берді. Олардың айтуынша, төбелестің шығуына белгілі себеп болған. Бұл туралы Sputnik агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Әзірге ешқандай түсініктеме бере алмаймыз. Бірақ олар - біздің қызметкерлер. Видеода болған жайттың соңы ғана түсірілген, басы жоқ. Біздің қызметкерлер ешкімді жайдан-жай соққыға жықпаса керек-ті. Оларға мән-жайға байланысты жаза қолданылатын болады. Өз қызметін асыра пайдаланған болуы мүмкін. Алайда, ол тексерістен кейін белгілі болады. Күзет бригадасы қандай да бір жанжал туындай қалса шақырылады. Сондықтан, төбелес тегіннен тегін шықпаған деп ойлаймын ", -  дейді "Элекор Күзет" агенттігінен.

Қазіргі уақытта агенттік басшылығы оқиғаның мән-жайын анықтауға шығып кетті делінген Sputnik-ке берген хабарламада.

Желіде күзет агенттігінің екі қызметкері Павлодар қаласыдағы ойын-сауық мекемелерінің біріне келген адамды соққыға алып жатқан бейне тараған болатын. Аймақтың Ішкі істер департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған видео бойынша тексеру шаралары жүріп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда із-түзсіз жоғалған келіншек бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)

Шымкентте 13 адам ҰБТ "жауаптарын" сатумен айналысқан

Дәрігерлер ВИЧ-ке шалдыққан ересек адамды құлан-таза айықтырды

Жапониялықтар Олимпиада медалін ескі смартфондардан жасамақшы

Универсиадада Қазақстанға алтын сыйлауы мүмкін спортшылар кімдер?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1271998-pavlodardaghy-kuzet-agenttigi-bizdinh.html