RU

Туберкулезге шалдыққан танымал әнші ауруханаға түсті

Танымал әнші, «Грэммидің» жеті мәрте иегері Тони Брекстон Лос-Анджелестегі ауруханаға түсті.

Тері туберкулезімен ауыратын әншінің бұл созылмалы дерті асқынған, деп хабарлайды 24 арна.

Бірақ, ауруханада 4 күн ем алған Брекстон қазір үйіне шығыпты. Әншінің өкілі Марин О'Коннордың хабарлауынша, енді әнші алда келе жатқан гастрольдік турға дайындалып жатыр.

Айта кету керек, тері туберкулезі кезінде адамның иммунды жүйесі өзге вирустар мен бактерияларға көңіл бөлместен, өзінің тіндеріне шабуыл жасайды.

Бұл дертке шалдыққан адамның бүкіл денесіндегі терісі ауырып, ісініп кетеді. Сондай-ақ ол асқынса, өзге ауруларды тудыруы мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда із-түзсіз жоғалған келіншек бір аптадан бері табылмай жатыр (фото)

Шымкентте 13 адам ҰБТ "жауаптарын" сатумен айналысқан

Дәрігерлер ВИЧ-ке шалдыққан ересек адамды құлан-таза айықтырды

Жапониялықтар Олимпиада медалін ескі смартфондардан жасамақшы

Универсиадада Қазақстанға алтын сыйлауы мүмкін спортшылар кімдер?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1272037-tuberkulezge-shaldyqqan-tanymal-anshi.html