RU

Шымкентте 12 адамның қазасына кінәлі полицейлер қызметінен қуылып жатыр

Шымкенттің Ташкентский тас жолында айналдырған үш күннің ішінде бірнеше жантүршігерлік жол апаты болған. 12 адамның қазасына алып келген жол апаттары үшін үш полицей қызметінен қуылды. Бұл туралы "ТВК" арнасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жол-патрульдік полициясының үш қызметкерін жұмыстан қуу шешімі қызметтік тексерістен кейін шығарылғанын облыстық Ішкі істер департаменті мәлімдеді. Батальон командирі қатаң сөгіс алса, оның екі орынбасары мен аға инспекторға толық емес қызметтік сәйкестік жарияланды.

«Олар өз учаскесінде лайықты деңгейде алдын алу жұмыстарын жүргізбегені үшін кінәлі. Басшылық тарапынан бақылау әлсіреген»,- дейді ІІД өкілі Нұржан Әбдураманов.

Айта кетерлігі, 12, 20 және 21 қыркүйекте Ташкентский тас жолында үш жол апаты болып, 12 адам қаза болды.

Тағы оқыңыздар:

Атамбаев қиын жағдайда демеу болған халқына алғысын жаудырды

Туберкулезге шалдыққан танымал әнші ауруханаға түсті

Павлодардағы күзет агенттігі: Біздің қызметкерлер ешкімді жайдан-жай соққыға жықпайды

Қызыл кітапқа енген құстарды атып өлтірген араб шейхтары жазаланбайды

Атышулы Лилия Рахқа қатысты алдын ала сот тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1272130-shymkentte-12-adam-qaza-bolghan-zhol-apatta.html