RU

Оразаның пайдасын дәлелдеп шыққан ғалым Нобель сыйлығын алды

Нобель апталығы басталғаннан ең жарқын ғылыми атақтар мен медицина, физиология, физика және химия саласында лауреаттар анықталды. Медицина мен физиология саласының лауреаттары 3 қазан күні белгілі болды.

Ол атақтың иесі – Токио Технологиялық университетінің жасушалы биология маманы Ёсинори Осуми (Yoshinori Ohsumi) деп жазады muslim.kz.

Нобель комитетінің баспасөз хабарламасында былай деп жазылған:

«Осумидің бұл ашқан жаңалығы біздің түсінігіміздегі жасуша өзіндегіні қалай өңдейтінін түсіндіретін жаңа парадигмаға жол ашады. Ол көптеген физиологиялық үдерістерге аутофагтың маңыздылығын түсіндіретін фундаментальды түсінік қалыптастырды. Оларға аштыққа бейімделу мен инфекцияға қарсы тұру жатады.

Аутофагия – бұл қоқыстардан құралған жасушаның қажетсіз бөліктерін өңдеу немесе утилизация жасау. Бұл үдеріске қойылған термин екі грек сөзінен «өзі тамақтану» немесе «өзі қоректену» деген мағынаны білдіреді.

Жалпы бұл феномен бұрыннан бар, оны ғалымдар өткен ғасырдың 60-шы жылдары тапқан. Бірақ, терең бойламаған. 90-жылдары бұны Осуми жасады. Ол тәжірибе жасау арқылы аутофагқа жауап беретін гендерді шығарды. Осы еңбектің арқасында ширек ғасырдан кейін сыйлық өз иесін тапты. Сондай-ақ, бірауыздан Нобель сыйлығына лайықты тарихтағы 39-шы ғалым етті.

Сонымен, лауреаттың ашқан жаңалығы мынаны дәлелдейді: ашығу яғни, ораза ұстау расында ішкі ағзаны тазалайды. Бұл Нобель комитетімен дәлелденген.

Осумидің әріптестері аутофагия ағзаны ерте қартаюдан сақтайды деп отыр. Тіпті, жаңа жасушалар тудыратындықтан ағзаны жасартуы да мүмкін. Себебі, ол кезде жарамсыз ақуыздар, зақымдалған ішкі жасушалы элементтер ағзадан шығарылып, ретке келтіріледі.

Тағы оқыңыздар:

Атамбаев қиын жағдайда демеу болған халқына алғысын жаудырды

Туберкулезге шалдыққан танымал әнші ауруханаға түсті

Павлодардағы күзет агенттігі: Біздің қызметкерлер ешкімді жайдан-жай соққыға жықпайды

Қызыл кітапқа енген құстарды атып өлтірген араб шейхтары жазаланбайды

Атышулы Лилия Рахқа қатысты алдын ала сот тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды

Польшада абортқа тыйым салатынын естіген әйелдер ереуілдетіп жатыр

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1272190-orazanynh-paydasyn-daleldep-shyqqan-gha.html