RU

ОҚО-да сүймейтін жігіті алып қашқан бойжеткен үйіне қайтып келді

Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің өз міндетіне салғырт қарауы бойынша тексеру басталды деп хабарлайды Отырар.

«Олар ауданда қыз ұрлау дерегіне қатысты шара көрмеген» деген арыз-шағымын жергілікті тұрғын облыс прокурорының блогына жазған Мырзакент ауылының тұрғыны «Бір топ жас жігіттер жасөспірім қызды көлікке күшпен отырғызды» деп көрсеткен.

Ол азамат оқиғаға куәгер ретінде полицияға барып хабарлағанымен, басқармадағы майор және сержант шенді полицейлер оның арызын тіркемеген, куәгер ретінде ешнәрсе сұрап, анықтамаған. Екінші рет барып, дабыл қаққан соң ғана тергеуші іске кірісті дейді ауыл тұрғыны.

Облыс прокуроры Ибрагим Иманов өтінішін-хатын жазған азаматқа жеке блогы арқылы жауабында қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүргізіліп жатқанын жазған.

Қызды ұрлағандардың бірі оған үйленгісі келген екен. Кешке дейін сол үйде отырған қыз бала тұрмысқа шығуға келісімін бермегесін ата-анасының үйіне апарған. Полицияға қыздың ата-анасы да арызданыпты.

Тағы оқыңыздар:

"Орда" тобының әншісі Ләйлә Сұлтанқызын жақтап, қазақ халқын "жауыз" деп атады

Астанада отбасылы жігітке ұл туып берген тоқалды бәйбішесі үйінен қуып шықты

Шымкентте 12 адамның қазасына кінәлі полицейлер қызметінен қуылып жатыр

175 мың долларлық той көйлегімен шыққан қалыңдық желіні жарды (фото, видео)

Ресейлік боксшы: Қанат Исламның уақыты әлі келген жоқ

Туберкулезге шалдыққан танымал әнші ауруханаға түсті

Головкин мен Альварестің жекпе-жегінен $300 мың пайда түсуі мүмкін

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1272353-oqo-da-suymeytin-zhigiti-alyp-qashqan-bo.html