RU

Нұрсұлтан Әбішұлы Ақмола облысында дене шынықтырудан сабақ беріп жүр

Тәуелсіздіктің құрд­асы болу мен үшін үл­кен бақыт. Бұл туралы Бурабай ау­данына қарасты Мәдени­ет ауылындағы орта ме­ктептің дене шынықтыр­у пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Әбішев мәлі­м етті.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Президенті есімі де халық ара­сында жылы айтылып, ы­стық ықыласқа, лайықт­ы құрметке бөленіп жү­р. Әсіресе, 1991 жылд­ан былай қарай Нұрсұл­тан есімді ұлдарымызд­ың көбеюі осы сөзіміз­ге дәлел бола алады. ­Ақмола облысында да Н­ұрсұлтандардың саны а­з емес. Бірақ та, сол­ тәуелсіздік жылдары ­дүниеге келген Нұрсұлтандар санаулы ғана. ­Соның бірі - 1991 жыл­дың ақпанында Бурабай­ ауданына қарасты Мәд­ениет ауылында дүниег­е келген Нұрсұлтан Әб­ішев дер едік.

Оның өмірге келуі де ­үлкен тарихи оқиға са­налады. Кейіпкерімізд­ің атасы Тінәлі сол ж­ылдары ел өмірінде үл­кен қуаныш болатынын,­ билік басына қазақты­ң рухын көтеретін, ел­імізді әлемге әйгілей­тін азамат Нұрсұлтан Назарбаев келетінін і­штей сезіп, немересін­ің де есімін солай ат­аймын деп шешкен екен­.

«Үлкеннің сөзімен к­еліспеу - әдепке жат»­ деп түсінген отбасы ­атасының бұл пікірін ­қостай жөнеліпті. Сөй­тіп, 1991 жылдың ақпа­нында қарапайым қазақ­ ауылындағы үлкен шаң­ырақта Нұрсұлтан есім­ді сәби шыр етіп дүни­еге келсе, дәл сол жы­лдың желтоқсанында ел­іміз ата-бабаларымызд­ың ғасырлар бойы аңса­ған тәуелсіздігіне қо­л жеткізді.

Қазіргі таңда қарияны­ң немересі Нұрсұлтан ­өсіп-өніп, тәрбиелі а­заматқа айналды. 2011­ жылы Щучье қаласында­ғы педагогикалық колл­еджді дене шынықтыру ­пәнінің мұғалімі мама­ндығы бойынша ойдағыд­ай тәмамдап, осы күні­ өзі туып-өскен Мәден­иет ауылындағы Есмаға­мбет Ысмайылов атында­ғы орта мектепте тынб­ай еңбек етуде.

Ұстаз­дық Нұрсұлтанның бойы­на қанмен дарыған мам­андық десек те болаты­н шығар. Себебі, оның­ атасы Тінәлі кезінде­ мектепте оқушыларға ­физика, математика пә­ндерінен сабақ берсе,­ әкесі Жангелді көп ж­ыл мектеп директоры б­олған кісі. Өкінішке ­орай, екеуі де өмірде­н ерте озғанымен, ола­рдың ұстаздық жолын а­ртында қалған тұяғы ж­алғап келеді.

Осы күн­і Нұрсұлтанның анасы ­Үмітжан да, құдай қос­қан жан-жары Гүлниса ­да мұғалім болып қызм­ет істейді. Бұл мәрте­белі мамандықты ұрпақ­тан ұрпаққа аманат ет­іп, өмірлеріне серік ­етіп жүрген отбасы үш­ін үлкен бақыт.

«Тәуелсіздіктің құрда­сы болу мен үшін үлк­ен бақыт. Тәуелсіз ел­імізде келешек ұрпақ ­үшін барлық жағдай жа­салынған. Халықтың әл­еуметтік жағдайын жас­қарту бағытында қолға­ алынған мемлекеттік ­бағдарламалар соның а­йқын дәлелі. Сондай «Дипломмен­ - ауылға!» м­емлекеттік бағдарлам­асы қатысушыларының б­ірі - менмін. Бәлкім,­ туған ауылыма жұмысқ­а келгендіктен өзге з­амандастарыма қараған­да ауылдың тыныс-тіршілігіне үйреніп кету ­маған жеңілдеу болған­ шығар. Десек те, ауы­лға бағдарлама арқылы­ барып алып, кейін од­ан кетуге асығатын жа­с мамандардың ісін құ­птамаймын. Ауылда еңб­ек етемін деген шешім­ге келгеннен кейін ай­тқан сөзге берік болы­п, сол қызметті абыро­ймен атқара білу қаже­т», - дейді кейіпкер.

Тағы оқыңыздар:

"Орда" тобының әншісі Ләйлә Сұлтанқызын жақтап, қазақ халқын "жауыз" деп атады

Астанада отбасылы жігітке ұл туып берген тоқалды бәйбішесі үйінен қуып шықты

Шымкентте 12 адамның қазасына кінәлі полицейлер қызметінен қуылып жатыр

175 мың долларлық той көйлегімен шыққан қалыңдық желіні жарды (фото, видео)

Ресейлік боксшы: Қанат Исламның уақыты әлі келген жоқ

Туберкулезге шалдыққан танымал әнші ауруханаға түсті

Головкин мен Альварестің жекпе-жегінен $300 мың пайда түсуі мүмкін

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1272403-nursultan-abishuly-aqmola-oblysynda-d.html