RU

Жаңаөзенде ереуілге шыққан жұмысшылар аштық жариялайтындарын айтты

Жаңаөзендегі «Бұрғылау» кәсіпорынының кәсіподаққа қысымды тоқтату, жалақыны көтеру және жұмыс жағдайын жақсартуды талап еткен жұмысшылары аштық жариялайтындарын мәлімдеп, қала әкімдігіне арыз тапсырған.

Бұл туралы Dalanews.kz хабарлайды.

Жұмысшылардың сөздерінше, арызға 150 адам қол қойған. «Бұрғылаудың» жұмысшысы Бекарыс Төлесінов арызды Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбіловтің атына жолдағанын айтады.

KazPetroDrilling компаниясының президенті («Бұрғылаудың» бас акционері) Рахмет Хайруллаев мұнайшылармен кездесу кезінде бірыңғай жалақы жүйесінің айырмашылығын есептеуге уәде берді.

Оның сөздеріне қарағанда, қысқартылған жұмыс сағаттары қайта есептеледі, бонус деп аталатын 13-жалақы 2017 жылдың науырызында төленеді.

Жұмысшылардың кәсіподақ төрағасы Сәдуақас Беккалиевті қудалауды тоқтату талабын Хайруллаев облыс прокурорына білдіру қажетін айтты.

«Бұрғылау» компаниясы қазанның 1-де Жаңаөзен қалалық сотына арыз түсірген. Жұмыс беруші арызын қанағаттандырған Жаңаөзен қалалық сотының судьясы М.Жұмаева жұмысшылардың 30 және 1 қазан күні өткізген ереуілдерін заңсыз деп тану туралы шешім шығарған.

Еске сала кетейік, жұмыс орнының қысқартылып, жалақының азаюына қарсы болған жұмысшылар Жаңаөзенде ереуіл өткізіп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан тұрғындарының табысы күрт азайып кеткен

"Орда" тобының әншісі Ләйлә Сұлтанқызын жақтап, қазақ халқын "жауыз" деп атады

Астанада отбасылы жігітке ұл туып берген тоқалды бәйбішесі үйінен қуып шықты

Головкин мен Альварестің жекпе-жегінен $300 мың пайда түсуі мүмкін

Нұрсұлтан Әбішұлы Ақмола облысында дене шынықтырудан сабақ беріп жүр

СПИД-тен құлан-таза айығып кеткен тұрғын дәрігерлерді таңырқатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1272419-zhanhaozende-ereuilge-shyqqan-zhumysshyl.html