RU

Қызметкерді "есі дұрыс емес, ұятсыз" деп кемсіткен шенеунік жазаға тартылмақшы

Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттар басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев дөрекілігі үшін жауапқа тартылады, деп хабарлады Қазақпарат.

«Әдеп бойынша кеңес хатшылығы Ағымбаевқа қатысты қызметтік тергеу жүргізді. Оның қызметтік этиканы бұзғаны расталды», - деді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас маманы Марат Рахымжанов этика бойынша кеңес отырысында.

Ол Қарағанды кеншілері мәдениет сарайының заңгерінен шағым түскенін айтты.

«Басқарма басшысы Ағымбаев М. Сұңғатты арсыз және ұятсыз, сонымен қатар есі дұрыс емес деп атаған», - деп атап өтті баяндамашы.

Этика бойынша кеңес мүшелері мәдениет басқармасының басшысы Әдеп кодексін бұзғанымен келісіп, оған сөгіс жариялауға ұсыныс жасады.

Ағымбаев Астанаға сапарлағандықтан, отырысқа қатыспады. Кеңес мүшелері бұған наразылық білдірді.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан тұрғындарының табысы күрт азайып кеткен

"Орда" тобының әншісі Ләйлә Сұлтанқызын жақтап, қазақ халқын "жауыз" деп атады

Астанада отбасылы жігітке ұл туып берген тоқалды бәйбішесі үйінен қуып шықты

Головкин мен Альварестің жекпе-жегінен $300 мың пайда түсуі мүмкін

Нұрсұлтан Әбішұлы Ақмола облысында дене шынықтырудан сабақ беріп жүр

СПИД-тен құлан-таза айығып кеткен тұрғын дәрігерлерді таңырқатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1272443-qyzmetkerdi-esi-durys-emes-uyatsyz-dep.html