RU

Аралда тұратын атышулы емші баланы жұрт сабылып іздеп жатыр

Ел арасында "үкілі бала" деп танылған Аралда тұратын жас емшіге жұрт іздеу салып жүр деп хабарлайды 31-арна.

Атышулы емші баланы Аралдан таппаған жұрт, оның тауып беруді сұрап 31-арнаға хабарласқан. Арна тілшілері емшінің қазір қайда тұрып жатқанын анықтаған.

Жас емші Ерболсын Серікбаев қазір Ақтөбедеге қоныс аударған. "Үкілі бала" ауылы Аралқұмды тастап, қалаға білім іздеп кеткен. Болашақта дәрігер  болғысы келетін Ерболсын Ақтөбенің білім ордаларынан жан-жақты дәріс алмақшы екен. Емін де қатар жүргізіп жүр. Ол түске дейін мектепке барып, түстен кейін емделушілерді қабылдайды.

Баланың елден кетуіне ауылдағы білім сапасының төмендігі себеп болған. Болашақта терапевт болғысы келетін  Ерболсын Ақтөбенің білім ордаларынан жан-жақты дәрістер алғысы келеді екен. Биыл ол 8 сыныпта оқиды.

"Бір жағынан білімімді жетілдіру үшін, бір жағынан өзімнің мамандығымның иесі болу үшін келдім. Бірінші болып бізге биология болу керек, қосымша, және де алгебра, геометрияны жетік меңгеру керек".

Емшінің сынып жетекшісі Клара Дүйісованың айтуынша, Ерболсынның сабаққа қатысуы, үлгерімі жаман емес екен. Бірақ емшілікпен айналысып, сабақтан қалуға жол жоқ деп бірден ескертіпті.

Емші баланы ауылынан таппаған ел Ақтөбеге іздеп келіп жатыр. 9 жылдан бері төсекке танылған Үрзада апай да Ерболсынның емі үшін тіпті Түлкібастан келіпті.

"Таппай жүрмін ғой бұл баланы. Аралқұмда да болдым. Мен жүре алмайтынмын, 9 жыл болды жатып та қалғанмын. Енді құдай қаласа осы таяғымды тастап жазылып кетсем", - деген тілегін жеткізді емделуші Үрзада Қалтаева.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан тұрғындарының табысы күрт азайып кеткен

"Орда" тобының әншісі Ләйлә Сұлтанқызын жақтап, қазақ халқын "жауыз" деп атады

Астанада отбасылы жігітке ұл туып берген тоқалды бәйбішесі үйінен қуып шықты

Головкин мен Альварестің жекпе-жегінен $300 мың пайда түсуі мүмкін

Нұрсұлтан Әбішұлы Ақмола облысында дене шынықтырудан сабақ беріп жүр

СПИД-тен құлан-таза айығып кеткен тұрғын дәрігерлерді таңырқатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1272474-aralda-turatyn-atyshuly-emshi-balany-zhu.html