RU

Шымкентте небары бір айдай өмірі қалған бүлдіршінді 50 мың доллар құтқара алады

Шымкенттік үш жасар қыздың бір ай ғана өмірі қалды дейді дәрігерлер. Бірақ жүрегінде ақауы бар Виолаға көпшілік көмек қолын созса, ота жасап, өмірін ұзартуға болады екен деп хабарлайды kz.otyrar.kz.

Германияда жасалынатын күрделі операцияға шетелдік дәрігерлер 50 мың доллар қаржы сұрауда. Небары бір айдай өмірі қалған қорғансыз сәбиіне қарап, шарасыз ана өзін қоярға жер таппайды. Күндіз-түні перзентінің жанынан шықпай, қолынан келгенше көмек көрсетуде. Алайда, оны аман алып қалуда анасы дәрменсіз. Үш жасар Виолаға шұғыл түрде ота жасау керек. Соңғы шешім осы.

«Бізге қазір шұғыл түрде ота жасау қажет. Германияның дәрігерлерімен күнде хабарласып тұрмыз. Күн өткен сайын баламның жағдайы нашарлауда. Амалсыздан көпшіліктен көмек сұрап тұрмын. Уақытымыз аз. Қайырымды жандардың көмегіне зәруміз», - дейді Виоланың анасы Яна Балан.

Дәрігерлер Виолаға артериалды құлақшаның стенозы және митральды құлақшаның жетіспеушілігі деген күрделі диогноз қойып отыр. Яғни жүректегі құлақшалар істемейді. Оған қоса балақайда өкпе гипертензиясы да анықталған. Қазір шымкенттік дәрігерлер бүлдіршіннің жағдайын бірқалыпты етуге көмектесуде. Бірақ, уақыт өткен сайын үш жасар қызбаланың жағдайы ауырлап барады. Ал өңірлік дәрігерлер түгілі, еліміздегі білікті кардиохирургтардың өзі қажетті отаны жасай алмайды екен.

«Виола еліміздегі білікті мамандардың қабылдауында болды. Олар арнайы кеңес берді. Дәрігерлердің шешімі бойынша балақай шетелде ем алу қажет. Бұл сұрақ қазір денсаулық сақтау басқармасында қаралуда. Қазір баланың жағдайы ауыр. Біз қолымыздан келгенше көмек көрсетудеміз», - дейді қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Гауһар Сапартайқызы.

Көп түкірсе көл болады демекші, Виола қайырымды жандардың көмегіне зәру. Көзі жәудіреген балақайдың жағдайы ешкімді бей-жай қалдырмас деп сенеді анасы. Науқас бүлдіршінге қол ұшын беремін деген азаматтар жоғарыда көрсетілген есеп-шотқа қаржы аудара алады. Виола мен анасы сіздерден көмек күтеді!

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан тұрғындарының табысы күрт азайып кеткен

"Орда" тобының әншісі Ләйлә Сұлтанқызын жақтап, қазақ халқын "жауыз" деп атады

Астанада отбасылы жігітке ұл туып берген тоқалды бәйбішесі үйінен қуып шықты

Головкин мен Альварестің жекпе-жегінен $300 мың пайда түсуі мүмкін

Нұрсұлтан Әбішұлы Ақмола облысында дене шынықтырудан сабақ беріп жүр

СПИД-тен құлан-таза айығып кеткен тұрғын дәрігерлерді таңырқатты

Қарағандылық азамат итке бола Ресей тұрғынын өлтіріп тастады

Ақтөбеде бұрынғы полицей жол апатын жасап, бір адам қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1272782-shymkentte-nebary-bir-ayday-omiri-qalgh.html