RU

Ақтөбелік келіншек үш баласын тастап, Сирияға кетіп қалған

Ақтөбелік азамат Мирболат Жаманқұлов Сирияға кеткен келіншегі Ақмарал Аймағамбетованы із-түзсіз жоғалды деп тануды сұрады.

Ол келіншегімен ажырасуды мақсат етіп отыр, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ақтөбе қаласының тұрғыны 29 жастағы Ақмарал Аймағамбетова осыдан үш жыл бұрын Алматыға барамын деген желеумен үйінен кетіп қалған. Үш баланың анасы сол кеткеннен отбасына қайта оралмады.

Жұбайын күткен Мирболат Жаманқұлов №2 қалалық сотына арыз түсіріп, келіншегін із-түзсіз жоғалды деп тануды сұрады. Оның айтуынша, Ақмарал Аймағамбетова хабарсыз кетіп, кейін өзінің Сирияда жүргенін, жағдайының жақсы екенін айтып, телефон шалған.

«Азаматтық іс бойынша арызданушы Мирболат Жаманқұлов жергілікті, республикалық газетке, ақпараттық порталдарға келіншегі Ақмарал Аймағамбетованың із-түзсіз жоғалғанын айтып, хабар беруі қажет. Қандай да бір ақпарат білетін адамнан үш айда сотқа хабар беруі сұралады», - дейді судья Гауһар Оралбай.

Айта кетейік, заң бойынша арызданушы жұбайы Аймағамбетованың жоғалғаны туралы хабар беруі тиіс. Егер бұл уақытта хабар болмаса, із-түзсіз жоғалды деп танылып, ажырасуға мүмкіндік беріледі.

Тағы оқыңыздар:

Қарағандылық азамат итке бола Ресей тұрғынын өлтіріп тастады

Ақтөбеде бұрынғы полицей жол апатын жасап, бір адам қайтыс болды

Алматыда ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысып қалды (фото, видео)

Эстония президентінің күйеуі төрт баласын бағып, жұмыссыз отырмақ

Жамбыл облысында жүкті келіншекті пойыз қағып кетті

Оңтүстікте күтпеген жерден қар жауып, ауа-райы күрт бұзылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1272874-aqtobelik-zhigit-siriyagha-soghysugha-ket.html