RU

Нұрлан Ноғаев Сағынтаевтан тағы да сөз естіді

Атырау облысында шағын және орта бизнестi дамытуға бөлiнген қаражат игерiлмей жатыр. Нұрлан Ноғаев үкiмет басшысын жылдың соңына дейiн ақшаны жаратып үлгеремiз деп сендiрдi. Бақытжан Сағынтаев жылдың соңында мiндеттi түрде сұрау болатынын ескерттi деп хабарлайды Baq.kz.

«Атырау облысында шағын және орта бизнестiң дамуы төмен. Бұл түсiнiктi де, мұнайлы өңiр болғандықтан, көбiсi осы салада жұмыс iстейдi. Дегенмен, оны дамыту үшiн қаржы бөлiп отырмыз. Сiздiң облысқа 692 млн қаржы бөлiнген. Осы уақытқа дейiн оны алған жоқсыздар. Сiздерде ниет жоқ па, әлде бизнесте қажеттiлiк жоқ па? Берiлген ақша игерiлмейдi, тiптi алынбайды, әлi күнге дейiн бiзде жатыр», - дедi Сағынтаев.

Өз кезегiнде Нұрлан Ноғаев 692 млн теңгеге келiсiмдер жасалғанын, жылдың соңына дейiн қаражат толық игерiлетiнiн айтты.

«Менiң ойымша, бұл жай ғана сөз. Өйткенi қазан айы басталып кеттi. Қаражатты аударып алғанша, сосын конкурс өткiзiп, кәсiпкерлерге бергенше жыл бiтедi. Яғни биыл шағын және орта бизнес бұл ақшаны пайдалана алмай қалды деген сөз», - дедi үкiмет басшысы.

Дей тұрғанмен, Атырау облысының әкiмi «үлгеремiз» деп сендiрдi.

«Жақсы, жыл соңында қандай шаруа тындырғандарыңызды сұраймыз», - дедi премьер-министр.

Айта кетейiк, өткен аптада да Нұрлан Ноғаев үкiмет басшысынан сын естiген болатын. Облыста әлеуметтiк нысандар құрылысы уақытында аяқталмай жатыр.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев облыс әкiмiн де сынға алды деп хабарлайды Baq.kz.

«Менiң қолымдағы ақпарат бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бөлiнген қаражаттың 19 пайызы ғана игерiлген. Жыл соңына дейiн өте аз уақыт қалды. Мұның үстiне жылу беру маусымы басталып кеттi», - дедi Сағынтаев.

Облыс әкiмi Архимед Мұхамбетов «Бұл нысандар жылу беру маусымына ықпал етпейдi. Ешқандай мәселе туындамайды, бiз қаражатты игеремiз» деп ақтала бастап едi, үкiмет басшысы: «Жылу беру маусымына ықпал ете ме, жоқ па - мәселе онда емес. Ақша қызмет сапасын жақсарту үшiн бөлiндi, оны игеру керек», - деп қадап айтты.

Тағы оқыңыздар:

Бас прокурор ақтөбелік оқушыларға ағалық ақылын айтты

Қарағандылық азамат итке бола Ресей тұрғынын өлтіріп тастады

Ақтөбеде бұрынғы полицей жол апатын жасап, бір адам қайтыс болды

Алматыда ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысып қалды (фото, видео)

Эстония президентінің күйеуі төрт баласын бағып, жұмыссыз отырмақ

Жамбыл облысында жүкті келіншекті пойыз қағып кетті

Оңтүстікте күтпеген жерден қар жауып, ауа-райы күрт бұзылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1272983-noghaev-pen-mukhambetov-saghyntaevtan-s.html