RU

Сағадиев: Кешкі сағат 6-дан кейін ата-аналарды балаларына жіберу керек

Ата-аналардың 50 пайызы 11 жылдың ішінде мектептерге мүлдем келмейді. Бұл туралы үкімет отырысында еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі рөлі мен жауапкершілігі төмендеп кетті. Ата-аналар үнемі жұмыста болғандықтан баланың тәрбиесімен айналысуға уақыты болмайды. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер де көп. Қазіргі уақытта тек 10-12 пайыз ата-аналар ғана мектептегі жиналысқа қатысады. Біздің есебіміз бойынша ата-аналардың 50 пайызы 11 жылдың ішінде мектептерге келмейді. Біздің ойымызша, ата-аналарды сағат 6-дан кейін уақытында үйлеріне, балаларына жіберу тәжірибесін бастау қажет», - деді Сағадиев.

Сонымен қатар министр психологтарды дайындау үшін, сондай-ақ балаларға психологиялық көмек берудің бірыңғай заманауи методологиясы қажет екенігін баса айтты.

«Қазіргі уақытта ЮНИСЕФ балалар қорымен бірлесіп, ғылыми негізде арнайы бағдарлама жасалды. Аталған бағдарлама Шығыс Қазақстан облысында бейімдеуден өтіп, осы жылдан бастап алты өңірде Алматы қаласында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында енгізіліп жатыр», - деді ол.

Тағы оқыңыздар:

Бас прокурор ақтөбелік оқушыларға ағалық ақылын айтты

Қарағандылық азамат итке бола Ресей тұрғынын өлтіріп тастады

Ақтөбеде бұрынғы полицей жол апатын жасап, бір адам қайтыс болды

Алматыда ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысып қалды (фото, видео)

Эстония президентінің күйеуі төрт баласын бағып, жұмыссыз отырмақ

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Жамбыл облысында жүкті келіншекті пойыз қағып кетті

Оңтүстікте күтпеген жерден қар жауып, ауа-райы күрт бұзылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1273074-saghadiev-keshki-saghat-6-dan-keyin-ata.html