RU

Аршавинге бәстен ұтылған блогер Алматыдағы алаңда басын тақырлайтын болды

Қазақстандық блогер, журналист Петр Воликов бәстен ұтылып, шашынан айырылатын болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, Андрей Аршавин  «Қайрат» клубына ауысқанда Петр Воликов ресейлік спортшы еліміздің премьер-лигасында қандай да бір нәтиже көрсете алатына сенімсіздік танытқан. Журналист егер Аршавин «Қайрат» сапында 8 гол салса онда ол шашын тақырлап алдырып тастаймын» деп бәстескен болатын.

«Ақтөбемен» матч кезінде Андрей Аршавин біріншіліктегі 8-ші голын салды, бұдан кейін футболшы журналистке қарата видеосәлем жолдады. Онда спортшы бәстен ұтылған журналиске өзінің шаш алу қызметін ұсынды.

Аршавиннің мәлімдемесіне орай блогер шаш қиятын құралдарын қолына алып тұрып Алматыда кездесетін орынды белгіледі.

«Мен өз сөзіме жауап беремін, әрі басымды (шашымды) да саған сеніп тапсырамын. Кездесуді 6 қазан бейсенбі күні Астана алаңында Әлия мен Мәншүк ескерткіштері алдында сағат 14:00-ге белгілеймін. Асыға күтемін», - деді Воликов.

Видео: Пётр Воликов

Тағы оқыңыздар:

Бас прокурор ақтөбелік оқушыларға ағалық ақылын айтты

Қарағандылық азамат итке бола Ресей тұрғынын өлтіріп тастады

Ақтөбеде бұрынғы полицей жол апатын жасап, бір адам қайтыс болды

Алматыда ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысып қалды (фото, видео)

Эстония президентінің күйеуі төрт баласын бағып, жұмыссыз отырмақ

Жамбыл облысында жүкті келіншекті пойыз қағып кетті

Оңтүстікте күтпеген жерден қар жауып, ауа-райы күрт бұзылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1273097-arshavinge-basten-utylghan-bloger-alma.html