RU

Туысына қарсы шығамын деп ажал құшқан қыздар

Пәкістанда жақындарының тілін алмаған немесе өз бетінше шешім қабылдамақ болған қыз-келіншектерді өлтіру қалыпты жағдай саналады.

NUR.KZ порталы Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып, жақындарының қолынан мерт болған пәкістандық қыз-келіншектердің өмірін назарларыңызға ұсынады.

Бүгінде көптеген пәкістандық нәзік жандылар туған ағасының, анасы мен әкесінің қолынан қаза тауып жатыр.

2013 жылы жақындарының қолынан ажал құшқандар саны 869 адам болса, 2015 жылы 1184 қыз-келіншек туыстарының қолынан көз жұмған.

Лахор қаласының тұрғыны Хассан Ханның әйелі Зинат Рафик. Зинатты ата-анасының айтқанын тыңдамай тұрмысқа шыққаны үшін туған анасы өртеп жіберген.

Модель Кандил Балочты ағасы атып өлтірді. Әпкесінің айтуынша, Кандил ақылды әрі көзі ашық қыз болған. Ол өзіне қол көтеріп, ұрып-соққан күйеуінен кетіп қалғаны үшін ағасының қолынан қаза тапты.

21 жастағы Соня Биби туыстары таңдаған адамға күйеуге шығудан бас тартады. Осыдан соң жақындары Соняны өртеп жіберген. Қатты күйік шалған бойжеткен осы фотоға түскен соң бірнеге күннен кейін қайтыс болды.

Самия Шахид екінші рет тұрмысқа шығып, Ұлыбританияда тұрған. Ол туған елін сағынып келгенде, әкесі оны өлтірудің амалын ойлап қойған еді. Самияны бұрынғы күйеуі зорлап өлтірді.

Мукадас есімді мына келіншек өз анасының қолынан көз жұмды.

17 жастағы Таслим Солангиді Карачи қаласында өлтірген. Бойжеткенді иттің талауына тастап, жаны шығып кеткенше ешкім көмектеспеген.

Ал 14 жастағы Нур Джеханды ұсыныс жасаған жігітке тұрмысқа шықпағаны үшін жақындары атып кеткен. Қуанышқа қарай, Джехан ауыр жарақаттан тірі қалды.

Тағы оқыңыздар:

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Жыныс мүшесіне көңілі толмаған қазақстандық еркектер пышақ астына түсуде (фото)

Оң босағада отырып қалған отандық жұлдыздар

Сыныптасы зорлап кеткенін ашық айтқан бойжеткеннен ата-анасы теріс айналды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1273105-tuysyna-qarsy-shyghamyn-dep-azhal-qushqan.html