RU

Атырауда асханаға кіру үшін жанталасқан жұмысшылар бір-бірін таптай жаздады (видео)

Атырауда түскі ас кезінде асханаға кірмек болып жанталасқан жұмысшылардың видеосы жарияланды.

Бұл туралы Ақ жайық басылымы жазады.

Түскі үзіліс кезінде Қарабатандағы асхана алдында ығы-жығы болған жұмысшылардың бейнежазбасы көпшіліктің қызу талқысын тудырды.

«Қарабатандағы «ISKER» консорциумы. Екі мың жұмысшы үшін түскі үзіліс бір сағатқа созылады. Осы уақыт ішінде тамақ ішіп үлгеруі тиіс. Бұл тек үлкен қолайсыздықтар тудырып қана қоймай, бір-бірін итермелеп, абыр-сабыр болған кезде қызметтестерін зақымдау қаупін тудырады», - деп жазады бейнежазба авторы.

Кейін бұл жағдайға түсініктеме берген басшылық мұндай оқиғаның бір-ақ рет болғанын айтып ақталған.

Тағы оқыңыздар:

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Жыныс мүшесіне көңілі толмаған қазақстандық еркектер пышақ астына түсуде (фото)

Оң босағада отырып қалған отандық жұлдыздар

Сыныптасы зорлап кеткенін ашық айтқан бойжеткеннен ата-анасы теріс айналды

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1273169-atyrauda-askhanagha-kiru-ushin-zhantalas.html