RU

Шымкентке қонаққа барған танымал режиссер ыңғайсыз жағдайға тап болды

Мәдениет басқармасы белгілі кинорежиссер, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Сатыбалды Нарымбетовті түсініксіз күйде қалдырды деп хабарлайды "ТВК" арнасы.

Жыл басында басқарма басшысы режиссерға хат жолдап, Шымкентке келуін сұраған. Себеп, өнер иесінің мерейтойын ауқымды етіп өткізуді ұсынған. "Шақырған жерден қалмайтын" Сатыбалды Нарымбетов, айтылған уақытта шырайлы өлкеге келсе, мәдениет басқармасының мамандары таңырқай қарсы алды. Себебі, олар белгілі режиссердің келетіндігін білмеген.

Жыл басында мәдениет басқармасының басшысы өнер иесіне хат жолдап, Шымкентке арнайы шақырған. Тіпті, режиссердің 70 жылдығына кинофестиваль ұйымдастырамыз деп уәде де беріпті. Бірақ мәдениет басқармасының мамандары шақыртылған уақытта шырайлы өлкеге Сатыбалды Нарымбетовтің келетіндігін қаперлерінен шығарып алған. Ыңғайсыз сәтке тап болған режисерді сәулетші Бақытжан Әшірбаевтың өзі күтіп алды.

Сатыбалды Нарымбетов — Ащысай ауылында туылып, Шолаққорғандағы мектепте білім алған. Туындыларының басым көпшілігі Оңтүстікпен байланысты болғанының себебі де осы. Алты алашқа белгілі режиссер, мәдениет басқармасының бұл қылығына аң-таң.

Тағы оқыңыздар:

Бас прокурор ақтөбелік оқушыларға ағалық ақылын айтты

Қарағандылық азамат итке бола Ресей тұрғынын өлтіріп тастады

Ақтөбеде бұрынғы полицей жол апатын жасап, бір адам қайтыс болды

Алматыда ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысып қалды (фото, видео)

Эстония президентінің күйеуі төрт баласын бағып, жұмыссыз отырмақ

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Жамбыл облысында жүкті келіншекті пойыз қағып кетті

Оңтүстікте күтпеген жерден қар жауып, ауа-райы күрт бұзылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1273208-shymkentke-qonaqqa-barghan-tanymal-rezh.html