RU

Қасымов көшеде дәрет сындырған полицей үшін қатты ұялды

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматыда көше ортасында, көлік ішінде отырып дәрет сындырған полицейге қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине, бұл өте ұятты жағдай. Ол тәртіптік комиссияның алдында жауап берді, жұмыстан шығарылды. Басқа полицейлер бойынша да жұмыстар атқарылуда. Тиісті шара қолданамыз. Нақты орын алған оқиға үшін бүкіл полицияның бет-бейнесі осындай екен деп айтуға болмайды», - деді ол бүгін үкімет отырысынан соң тілшілерге берген сұхбатында.

Бұның алдында хабарлағанымыздай, Алматыда көлікте отырып дәрет сындырған Түркісіб аудандық Ішкі істер бөлімі полицейі жұмысынан қуылды.

«Көлікте отырған оның әріптесі атқарып отырған қызметінен босатылды, олардың басшысы да тәртіптік жазаға тартылды», - деді министр.

Еске сала кетейік, Motor.kz порталы осыған дейін Nissan Primera автокөлігінде отырып дәрет сындырған полиция қызметкерінің фотосын жариялаған болатын. Көліктің алдыңғы бөлігінде екінші полиция отырған. Басылымның хабарлауынша, фотосурет Қарасай батыр-Жароков көшелерінің қиылысында түсірілген.

Тағы оқыңыздар:

Бас прокурор ақтөбелік оқушыларға ағалық ақылын айтты

Қарағандылық азамат итке бола Ресей тұрғынын өлтіріп тастады

Ақтөбеде бұрынғы полицей жол апатын жасап, бір адам қайтыс болды

Алматыда ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысып қалды (фото, видео)

Эстония президентінің күйеуі төрт баласын бағып, жұмыссыз отырмақ

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Жамбыл облысында жүкті келіншекті пойыз қағып кетті

Оңтүстікте күтпеген жерден қар жауып, ауа-райы күрт бұзылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1273282-qasymov-koshede-daret-syndyrghan-polic.html