RU

Әйелдің төсектегі құмарлығын қалай арттыруға болады?

Төсекте ләззат алу әйел адам үшін маңызды. Ғалымдар төсек қатынасының әйел адамның денсаулығы мен ағзасына мол пайда әкелетінін айтады. Бірақ кейде қысылу, қымсыну болмаса ұялу сезімдеріне басымдық беріп, әйелдер төсек қатынасынан ешқандай ләззат ала алмай жатады. Бүгінде ғалымдар бұл проблеманы болдырмау үшін әйел қауымына бірқатар құралдар ұсынады деп хабарлайды cosmo.ru.

Арнайы ылғалдыратын сұйықтық-гельдер

Түрлі себептерге байланысты (босанғаннан кейінгі кезең, жас ерекшелігі) қынап іші құрғап, бұлшықеттер солып қалады. Осының салдарынан ләззат алу да қиындай түседі. Бұған мамандар арнайы гельдер ұсынады. Оның құрамындағы түрлі дәрілік шөптер ылғалды қалпына келтіруге көмек береді.

Әйелдің ынтасын арттыратын кремдер

Жыныс мүшесіне мұндай кремді жаққан соң, аз уақыттан кейін әйел адамның еріне деген құмарлығы арта түседі. Осының арқасында анағұрлым көбірек ләззат алады. Кейде бұл кремнің әсері бір реттен байқалмауы мүмкін. Бірақ бірнеше рет жаққан соң, оның әсері білінеді.

Құмарлықты арттыратын спрей

Мұндай спрейлерді тілдің астына жағады. Оның құрамына көбіне шөптер кіреді.   Ескерту: бұл құралды көп себуге болмайды, өз мөлшерінен асырып қолдануға болмайды.

Құмарлықты арттыратын лубрикант

Лубрикантты да мөлшеріемн қолдану керек. Өте керемет әсерлер сыйлайтын лубрикантты көптеген әйелдер қолданады.  Негізі, оны әйелдер де, еркектер де қолдана алады.

Бұл заттардың кейбірін емізетін және аяғы ауыр келіншектерге қолдануға болмайды. Сондай-ақ, бір затты екіншісімен араластыуға да тыйым салынады.   Егер өзіңізді жағымсыз сезіне бастасаңыз крем жаққан жеріңізді жуып, тазалаңыз. Сонымен бірге, кесілген теріге мұндай құралдарды жағуға болмайды.

Тағы оқыңыздар:

Бас прокурор ақтөбелік оқушыларға ағалық ақылын айтты

Қарағандылық азамат итке бола Ресей тұрғынын өлтіріп тастады

Ақтөбеде бұрынғы полицей жол апатын жасап, бір адам қайтыс болды

Алматыда ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысып қалды (фото, видео)

Эстония президентінің күйеуі төрт баласын бағып, жұмыссыз отырмақ

Маржан Тұрлыбаева жатқан мекемеге тоғытылғандардың адам шошырлық жағдайы (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1273575-ayeldinh-tosektegi-qumarlyghyn-qalay.html