RU

Семейде медакадемияның студенті сабақтан шыққан соң ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Семейде медициналық академияның 2-курс студенті Жансая Нұржанқызына іздеу жарияланды деп жазады NewTimes.kz-ке сілтеме жасап Skifnews.kz порталы.

Туған-туыстарының айтуынша, Жансая қалада құрбысымен бірге пәтерде тұрады екен. 2 қазан күні ол әпкемнің үйіне қонамын деп үйден шығып кеткен. Бірақ, әпкесінің үйіне бармапты.

Ал, келесі күні ол оқуына келген. Алайда, сабақтан шығып үйіне кеткен қызды содан бері көрген жан жоқ. Туған-туыстары мен полицейлер бойжеткенді үш күннен бері іздеп таппай жатыр.

Жансаяның жігіті бар екен. Алайда, ол да сүйіктісінің қайда жүргенінен бейхабар. Қазіргі таңда полицейлер мен ерікті бірнеше азамат және қыздың туыстары іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Тағы оқыңыздар:

Қостанай облысында кәсіпкер келіншек із-түссіз жоғалып кетті

Астанада 2 млн теңге пара алған шенеунік сотталып кетті

Еліміздегі министрлер миллион теңге жалақы алатын болып шықты

Қасымов көшеде дәрет сындырған полицей үшін қатты ұялды

Нұрлан Ноғаев Сағынтаевтан тағы да сөз естіді

ШҚО-да лифтінің ішінде 9 жастағы қызға жыныс мүшесін көрсеткен азғын іздестірілуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1273683-semeyde-18-zhastaghy-boyzhetken-ushty-kuyli.html