RU
Маңғыстау облысының әкімі Жаңаөзенге енді жетіп мұнайшылармен келіссөз жүргізуде
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстау облысының әкімі Жаңаөзенге енді жетіп мұнайшылармен келіссөз жүргізуде

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысында «Бұрғылау» деп аталатын жеке меншік компанияның жүздеген жұмысшысының шуына қатысты Әлеуметтік даму министрі мәлімдеме жасады деп хабарлайды КТК арнасы.

Маңғыстау облысының әкімі Жаңаөзенге енді жетіп мұнайшылармен келіссөз жүргізуде

Маңғыстау облысында ереуілге шыққан жұмысшылар. КТК арнасынан скриншот

Тамара Дүйсенованың айтуынша, 6 күн бойы қарсылық білдіріп жатқандардың талабын орындау қиын. Дегенмен, қазір мұнайшылармен келісімге келу мәселесі қаралып жатыр екен.

"Жұмыс орнындағы азаматтар «ҚазМұнайГаздағы» сияқты бірдей еңбекақы төлеу жүйесіне өту мәселесін көтеріп отыр. Еңбек заңына сәйкес, бұл «ҚазМұнайГаздың» мекемелеріне ғана тиісті. Егер де басқа мекемелерде осындай біріңғай жүйедегі еңбекақыға өтуі үшін оларда салалық келісім шартта белгіленуі керек. Егер салалық келісім шартта бұл қаралатын болса, бұл мекемелердің бәріне осындай жаңа жүйені енгізуге болады", - дейді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Яғни, жұмысшылардың талабын орындау оңайға соқпайды. Ол үшін Еңбек кодексіне өзгертулер енгізу қажет дейді министр. Сол үшін Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мұнайшылармен татуласудың басқа жолдарын іздеуге кіріскен. Аймақ басшысы Жаңаөзенге келіп ереуілшілердің белсенділері мен компания жетекшілерінің басын қосып, жиын өткізіп жатыр.

Бірақ қандай келісім жасалғаны әзірге белгісіз. Өйткені, жиын жабық өтуде. Ал басшылықтан ақшаларын көтеруді талап етіп, жұмысқа шығуды қойған мұнайшылар кеңселерінің алдынан кетер емес. Жұмысшылардың талабы бұрынғыдай, ұлттық компаниялардағыдай жалақы төлеудің бірыңғай жүйесін енгізу.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі министрлер миллион теңге жалақы алатын болып шықты

Қасымов көшеде дәрет сындырған полицей үшін қатты ұялды

Танымал қазақ боксшы қалай қатардағы таксишіге айналды? (фото)

Семейде медакадемияның студенті сабақтан шыққан соң ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Головкиннің жанкүйері еліміздің туын көлігіне жауып алып, Нью-Йорк көшелерін кезді (фото)

Жолда құлағанына күйінген спортшы велосипедін қақ бөліп тастады (видео)

Шымкентте бүтін бір жанұя газдан уланып қалды

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
0
1
0
28
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel