RU

Депутат Ізмұхамбетовтің экс-келіні төленген алименттің аздығына күйінді

Мәжілісмен Ізмұхамбетовтің экс-келіні Айгерім Ізмұхамбетова алименттер үшін әлі де күреспек. Оның ойынша, депутаттың ұлы берген 1,8 млн теңге балаларына аздық етеді. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

«Мен алименттерге құжаттарды тек наурызда өткіздім. Сол себепті ол тек наурыздан бастап төледі. Енді мен 11 жыл бойғы қарызын талап ету үшін сотқа беруім керек. Алайда денсаулығым аздап сыр бергендіктен, әзірге оны қолға ала алмай отырмын. Дегенмен кейінірек сотқа беремін", - дейді Айгерім.

Айгерім ешбір заңгер бұл істі қолға алғысы келмейтініне қынжылды.

«Қорғаушым жоқ - бар қиындық сонда. Бұрынғы күйеуім Салауат «бес айға төлеп бердім, қалған айларға төлейтін ойым жоқ» деп отыр», — дейді әйел.

Келіншек алименттің әр тиынын тек балаларға жұмсап отырғанын алға тартты.

«Мен бұл ақшаға пәтерақысын төледім, балаларды мектепке дайындадым, оларға заттар сатып алдым. Қазір ақша бар болғанымен, олар жақын арада бітіп қалады. Балалар күнде мектепке барады, ал бүл күнде шығын шығады деген сөз», — дейді Айгерім.

Еске салсақ, Айгерім мәжілісменнің ұлы Салауатпен Ялтада танысқан болатын. Олар некелерін қиғанымен, кейін ажырасып кеткен. Айгерімнің сөзіне сенсек, бұрынғы күйеуі құмар ойындарға тәуелді болғандықтан, жұптары жараспай қалған.

Салауаттан үш бала тауып отырған келіншек оның 11 жыл бойы алимент төлемегенін айтып, күйінуде. Ал депутат Бақытқожа Ізмұхамбетов болса, бұрынғы келінінен балалардың өз немересі екендігінің дәлелін талап етіпті. Айгерім бұл шартты 14 қыркүйек күні ДНҚ тестінен өту арқылы орындаған. Алайда айтуынша, депутат өз тарапынан сараптамадан өтуге асықпайтын көрінеді.

Айгерімнің бес баласы бар. Олардың екеуі - өзге некеден. Салауат бүгінде балаларына 1 805 870 теңге алимент төлегені белгілі болды.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі министрлер миллион теңге жалақы алатын болып шықты

Қасымов көшеде дәрет сындырған полицей үшін қатты ұялды

Танымал қазақ боксшы қалай қатардағы таксишіге айналды? (фото)

Семейде медакадемияның студенті сабақтан шыққан соң ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Головкиннің жанкүйері еліміздің туын көлігіне жауып алып, Нью-Йорк көшелерін кезді (фото)

Жолда құлағанына күйінген спортшы велосипедін қақ бөліп тастады (видео)

Шымкентте бүтін бір жанұя газдан уланып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1273969-deputat-izmukhambetovtinh-eks-kelini-t.html