RU

Психиатрлар "ақыл-есі кем" деп таныған қарағандылық тұрғын өзінің дені сау екенін дәлелдеп шықты

Қарағанды облысының психиатрлары «ақыл-есі кем» деп таныған тұрғын өзінің әрекетке қабілетті екенін дәлелдеп шықты деп хабарлайды 31 арна.

Сот сал ауруына шалдыққан Дос Төлегеновтың өзінің іс-әрекетіне толықтай жауап беретін еңбекке жарамды деген үкім шығарған. Дегенмен, жүйке-жүйесінде ауытқушылық бар деп диагноз қойған мамандар жауапқа тартылмайды.

Туғанынан сал ауруына шалдыққан Дос Төлегеновтың қуанышында шек жоқ. Өйткені, әуелі "ақыл-есі кем" деп танылған азамат өзінің еңбекке толық жарамды екенін сот арқылы дәлелдеп шыққан. Жеңіске жету де оңай болған жоқ дейді ол. Бір жылдан бері әрекетке қабілеттілігін растау үшін Дос бір емес, үш рет сараптамадан өткен. Тек Астанада жасалған соңғы сот-психиатриялық тексерудің нәтижесі азаматтың жұмысқа жарамды екенін көрсеткен.

"Мен экспертизаға қарсымын. "Минздрав" сау адамдар мен ауру адамдарды айыра алмайды. Сонда экспертиза ма сол? Мен сияқты қаншама адам жүр", - дейді І топтағы мүгедек Дос Төлегенов.

Қорқынышты диагноздың қойылғанын азаматтың өзі де білмеген. Тек жақындары жарты жыл бұрын пәтер құжаттарын рәсімдеген кезде ғана байқағандарын айтады. Содан бері бармаған жері, ашпаған есігі қалмапты. Бірақ құзырлы органдағылар уақыт созуға тырысты дейді.

Ал Достың денсаулығында психикалық ауытқушылығы бар деп шешкен мамандар жазаға тартылмайтын болды.

"Дос Төлегеновтың жақындарынан да кінә бар. Өйткені, әкесі ұлының ақыл - есі түзу еместігін растайтын құжаттарға байқамай қолын қойып қойған екен. Сондықтан бұл жерде ешкімнің кінәсі жоқ", - дейді Нұра аудандық сотының баспасөз хатшысы Дәурен Жаңабылов.

Бірақ Дос Төлегенов адам тағдырымен ойнаған сарапшылардың үстінен арыз жазам деп отыр. Құқығын таптағаны үшін. Айта кету керек, 42 жастағы азамат теледидар жөндеумен айналысады. Тіпті ауылда өзінің шеберханасы да бар.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі министрлер миллион теңге жалақы алатын болып шықты

Қасымов көшеде дәрет сындырған полицей үшін қатты ұялды

Танымал қазақ боксшы қалай қатардағы таксишіге айналды? (фото)

Семейде медакадемияның студенті сабақтан шыққан соң ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Головкиннің жанкүйері еліміздің туын көлігіне жауып алып, Нью-Йорк көшелерін кезді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1274120-psikhiatrlar-aqyl-esi-kem-dep-tanygha.html