RU

Мүгедектерді тыр жалаңаш тұрғызып қойғандар жұртты есеңгіретті (фото)

Француздың Kenzo бренді мүгедектерді тыр жалаңаш тұрғызып қойып, ескерткіштер орнына пайдаланды. Бұл туралы Life ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Портал хабарлағандай, Парижде «Сән аптасы» шеңберінде маркалар коллекцияларының тұсаукесері болған. Париждің архитектура музейіне келушілер залдағы ерекше экспозицияларды көріп жүріп, естерінен танып қала жаздаған. Олар музейдің барлық бөліктерінде тұрған мүмкіндіктері шектеулі кісілердің жалаңаш кейіптегі «мүсіндеріне» өте жоғары баға берген.

Мұндағы қызық сонда, залды аралау барысында әлгіндегідей «монументтердің» бірі кенет қозғала бастағанда немесе күлімсірей қалған кездерінде кейбір көрермендер естерінен танып, құлап қала жаздаған. Келушілерді, әсіресе, тірі «экспонаттар» ішіндегі беті күйіп қалған жалаңаш әйелдің берген әсері айрықша күшті болған.

Көптеген әлеуметтік желі пайдаланушылар қазір Kenzo қойған перформансты моральдің барлық нормаларына қарама-қайшы келетін барып тұрған арсыз тірлік жасады деп айыптап жатыр. Тағы бірқатар блогерлер мұны мүгедектерді қорлау деп қабылдап, қауымдастықты брендке бойкот жариялау керек деп бағалады.

Тағы оқыңыздар:

Қазақ келіншектері күйеуімен бақытты болуы үшін не істеу керек?

Атақты Кейкі батырдың бас сүйегі Мәскеуден Қазақстанға әкелінді

Психиатрлар "ақыл-есі кем" деп таныған қарағандылық тұрғын өзінің дені сау екенін дәлелдеп шықты

Астанада ақшаға сатылған шенеунік ақыры сотталып кетті

Маңғыстау облысының әкімі Жаңаөзенге енді жетіп мұнайшылармен келіссөз жүргізуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1274218-franciyada-mugedekterdi-tyr-zhalanhash-t.html