RU

Иманғали Тасмағамбетовтің қыздары туралы не білеміз? (фото)

Қазақстандағы шенеуніктердің өздерінен гөрі олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстары ел назарын жиі аудартады. Осы орайда NUR.KZ порталы премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Иманғали Тасмағамбетовтің қыздары жөнінде ақпарат іздеп көрді.

Әсел Тасмағамбетова

Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Иманғали Тасмағамбетовтің екі қызы бар.

Қазақстандағы ең бай кәсіпкеркерлердің бірі Кеңес Рақышевтің жары Әсел Тасмағамбетова көпшілік алдына сирек шығады.

Әсел ақсүйектер отырысынан гөрі қайырымдылық шаралары мен эко-кәсіпке көбірек көңіл бөледі, деп жазады comode.kz.

Интернет-басылымның хабарлауынша, Әсел ханым - Telli био-дүкендер желісінің иесі. Дүкен негізінде Қазақстандағы ең алғашқы гомеопатикалық дәріхана ашылған.

Әсел Тасмағамбетова қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі және дарынды балаларға арналған жобалармен айналысады. istory.kz сайты Әсел Тасмағамбетованың «Сәби» қайырымдылық қорының вице-президенті екені туралы дерек келтірген.

Кәсіпкер жақын арада Орталық Азиялық экологиялық зерттеулер институтының жаңа ғимаратының құрылысын бастамақ.

Софья Тасмағамбетова

Вице-премьердің екінші қызы әке жолын қумай, шығармашылық жолында жүр. Бұл туралы comode.kz жазды.

Қалың жұртшылыққа ол Абай атындағы опера және балет театрында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала аңыздары» атты спектакльдің қоюшы-суретшісі ретінде танымал. Өзінің жұмысы туралы: "Қазақ спектакльдерін көркемдеу әрдайым қиынға түседі. себебі, әр қазақ туғаннан бастап ұлттық дәстүрді көріп келеді, сонымен өмір сүреді. Әрқайсысының қалыптасқан өз көзқарасы бар. Суретшілерге соған сай болу керек немесе ақырын-ақырын одан шеттей беру керек. Басты міндетім -  қазақылықты сақтай отырып, жаңа дүниені өмірге әкелу", - дейді Софья.

Лондон көркемсурет колледжінде білім алған Софья Тасмағамбетова көркемсурет өнеріндегі реализм жанрының өкілі, деп жазады Экспресс-К.

Тағы оқыңыздар: 

Күйеулері тоқал алып кетпеу үшін қазақ келіншектері не істеу керек?

Танымал ресейлік әншінің сахнада әуретті жері көрініп қалды (видео)

Атақты Кейкі батырдың бас сүйегі Мәскеуден Қазақстанға әкелінді

Жанар Дұғалованы айнытпай салған Луина жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

​Йемендегі аш балалардың ұсқыны жұртты шошытты (фото)

Танымал қазақ боксшысы қалай қатардағы таксишіге айналды? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1274407-imanghali-tasmaghambetovtynh-qyzdary-t.html