RU

Бір топ музыканттар ақшаға тойынған асабаларға қарсы шықты (видео)

Тойға шығатын музыканттар асабаларға қарсы бой көтеріп, олардан өздеріне беретін ақыны көтеруді сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бір топ музыканттар жиналып, асабаларға қарсы бейбіт "шеруге" шықты. Олар асабаларға наздарын жеткізіп, өздеріне төленетін ақыны көтеруді сұрады.

Музыканттардың айтуынша, асаба жұмысы музыкасыз өтпейді. Сондықтан олардың да тойда атқарар маңызы зор.

Олар бұл шағымдарын видеоға жазып алып, желіге жариялады.

Бейбіт шеруге шыққандардың айтуынша, олар бұл әрекетке асабаларға ой тастау үшін шыққан.

Мұны көрген халық олардың бұл қарсылығына қатысты түрлі ойларын білдірді.

"Музыканттың да музыканты бар, асабаның да асабасы бар!!! Жалпы, қазір дәмі де татуы да жоқ музыканттар мен асабасымақтар қаптап кетті. Өтірік емес!", "Халық қазынасын бөлісе алмай немесе бір-бірінен қызғанып жүргендері. Бәрі оңай жолмен ақша тапқысы келеді, әйтеуір", "Ақша аз болса, жұмыс істеу керек қой, той аңдымай", "Мынау не деп тұр? Беттері қызармай 4-5 сағатқа 130 мыңнан кем сұрамайды", "Ақшалары аз болса, қолдарына күрек алып жұмыс істесін, үкіметке салық төлесін, әншілері фонограммамен ауыз жыбырлатып, халықты мәжнүн көре ме? - деп жазды наразы болған желі қолданушылары.

Тағы оқыңыздар:

Күйеулері тоқал алып кетпеу үшін қазақ келіншектері не істеу керек?

Танымал ресейлік әншінің сахнада әуретті жері көрініп қалды (видео)

Атақты Кейкі батырдың бас сүйегі Мәскеуден Қазақстанға әкелінді

Жанар Дұғалованы айнытпай салған Луина жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

​Йемендегі аш балалардың ұсқыны жұртты шошытты (фото)

Танымал қазақ боксшысы қалай қатардағы таксишіге айналды? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1274418-bir-top-muzykanttar-aqshagha-toyynghan.html