RU

Ақтауда зорланған 6 жасар қызды ата-анасы енді Үндістан мамандарына қаратпақ

Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың ата-анасы емдеу әдісі дәстүрлі медицинада мойындалмаған үндістандық мамандардың көмегіне жүгінгісі келеді.

Бұл туралы «University Medical Center» корпоративтік қорының PR-менеджері Данияр Меңлібеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Кішкентай қыздың жағдайы өте ауыр. Әлі аппаратпен жатыр, оң өзгерістер жоқ. О баста айтылғандай, ми бағанына жасап жатқан ем еш әсер етпеуде. Енді ата-анасы Үндістаннан бір мамандарды әкелсек дейді. Бірақ, олардың ұсынып отырған емдеу әдісі дәстүрлі медицинада мойындалмаған, тиісінше Қазақстанда тіркелмеген. Қазір осы мәселе туралы министрлікпен ақылдасу шарасы жүріп жатыр", - деді Меңлібеков.

Еске сала кетейік, 20 тамызда Ақтауда алты жасар қыз жоғалып кетті. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер баланы өндірістік аймақ ауданынан тапты. Қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, оған ыстық өткен және денесінде көптеген жарақат бар. Дәрігерлер зорлау фактісін қуаттады, ҚР ҚК 120-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

27 тамызда алты жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасынан санавиациямен Астанаға жеткізілді. 6 қыркүйекте Ақтау полицейлері 6 жасар қызды зорлауға қатысты күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу мәліметінше, оның қызды зорлағанын генетикалық сараптама да растап отыр.

Қазіргі кезде бүлдіршін қыз "Ана мен бала" ұлттық ғылыми орталығының балалар анестезиологиясы және жан сақтау бөлімінде жатыр. Невролог, балалар гинекологы, пульмонолог, окулист, нефролог, эндокринолог, хирург сияқты бейінді мамандардың қатысуымен бірнеше мәрте консультация ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, телемедицина арқылы Кембридж университеті (Ұлыбритания) және Вена университетінің (Австрия) профессорларымен кеңес өткізілген.

Тағы оқыңыздар: 

Күйеулері тоқал алып кетпеу үшін қазақ келіншектері не істеу керек?

Танымал ресейлік әншінің сахнада әуретті жері көрініп қалды (видео)

Атақты Кейкі батырдың бас сүйегі Мәскеуден Қазақстанға әкелінді

Жанар Дұғалованы айнытпай салған Луина жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

​Йемендегі аш балалардың ұсқыны жұртты шошытты (фото)

Танымал қазақ боксшысы қалай қатардағы таксишіге айналды? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1274523-aqtauda-zorlanghan-6-zhasar-qyzdy-ata-ana.html