RU

Валерий Меладзе әйелінің қазақ екенін мойындады (фото)

Астанаға гастрольдік сапармен келген Валерий Меладзе әйелінің қазақ екенін жұртқа жайып салды деп хабарлайды "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Астанадағы концертінде өзінің тыңдармандарының сүйіспеншілігіне бөленген Меладзе оларға ескерту жасап: "Желіге мұндай суреттерді салмаңыздар.  Менің әйелім қазақ қызы", - деп жалпақ дүниеге жар салды.

Сонымен бірге, Меладзе Қазақстанда жүргенде өзін бөтен сезінбейтінін де жеткізді.

"Мен Қазақстанда өзімді шетелдік ретінде сезінбеймін", -деді ол.

Естеріңізге салсақ, Валерий Меладзенің жұбайы ресейлік "ВиаГра" тобының бұрынғы солисті Альбина Джанабаева. Батырхан Шүкеновтың баласының оқуын төлеп, оған бірінші болып көмек қолын созған да осы Валерий Меладзе болған. Алматыда жуырда концерт берген ол өзінің досы Батырханға арналған фотокөрмеге де келіп қатысып кетті.

Тағы оқыңыздар:

Күйеулері тоқал алып кетпеу үшін қазақ келіншектері не істеу керек?

Танымал ресейлік әншінің сахнада әуретті жері көрініп қалды (видео)

Атақты Кейкі батырдың бас сүйегі Мәскеуден Қазақстанға әкелінді

Жанар Дұғалованы айнытпай салған Луина жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

​Йемендегі аш балалардың ұсқыны жұртты шошытты (фото)

Танымал қазақ боксшысы қалай қатардағы таксишіге айналды? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1274639-valeriy-meladze-ayelininh-qazaq-ekeni.html