RU

Екі дүркін Олимпиада чемпионы жас қыздарды зорлағаны үшін ұсталды

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы австриялық Петер Зайзенбахер кәмелеттік жасқа толмаған бірнеше қызға қатысты сексуалды сипаттағы қылмыс жасады деп айыпталуда.

Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап Prosportkz.kz хабарлайды.

Үш жылға созылған тергеудің нәтижесі бойынша, 56 жастағы Петер 1990 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басы арасында Венадағы спорттық клубтардың бірінде қызмет атқарған. Осы қызметте жүріп ол екі қызды зорлаған деп айыпталып отыр. Олардың бірі үш жыл бойына осындай қорлық көріп келген және Зайзенбахер тағы бір қызды зорламақ болған. Тергеу амалдары жәбірленушінің арызынан соң басталды.

Зайзенбахердің қорғаушысы австриялық спортшының өзіне танылған тағылған айыптарды білетінін айтты, әйтсе де, ол бұл туралы ешқандай пікір білдірмейтінін жеткізді.

Айта кетейік, Петер Зайзенбахер 1984 жылы Лос-Анджелесте және 1988 жылы Сеульде өткен Олимпиада ойындарында 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль алып, төртжылдықтың басты додасында екі дүркін чемпион атанған алғашқы дзюдошы ретінде танылды.

2010-2012 жылдардың арасында ол Грузия құрамасын жаттықтырса, артынша екі жыл бойы Әзірбайжан құрамасының бапкері болған. Ал 2015 жылы қайтадан сол елдің құрамасын баптады.

Тағы оқыңыздар: 

Күйеулері тоқал алып кетпеу үшін қазақ келіншектері не істеу керек?

Танымал ресейлік әншінің сахнада әуретті жері көрініп қалды (видео)

Атақты Кейкі батырдың бас сүйегі Мәскеуден Қазақстанға әкелінді

Жанар Дұғалованы айнытпай салған Луина жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

​Йемендегі аш балалардың ұсқыны жұртты шошытты (фото)

Танымал қазақ боксшысы қалай қатардағы таксишіге айналды? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1274748-eki-durkin-olimpiada-chempionyna-pedo.html