RU

Ақтөбеде келіншегі тастап кеткен жігіт екі баласымен көшеде түнеп жүр (фото)

Ақтөбеде екі баласымен көшеде түнеп жүрген ер адам көпшіліктің назарына түсті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ерлан Елубаев өзін балалар үйінің тәрбиеленушісімін деп таныстырды. Оның қалаға келгеніне екі күн болған. Айтуынша, осы уақытқа дейін Шалқар ауданында біреудің малын баққан.

Малды ауылда да жағдайы жақсармай, еңбегінің ақысы төленбеген. Осыдан соң  балалары мен әйелін ертіп қалаға қарай шыққан. Тұрмыстық қиындықтан болған реніш кезінде оны екі баласымен әйелі тастап кетеді.

«Әйелім қазір жоқ. Өзім екі баламен жүрмін. Қалаға келгеннен кейін ол кетіп қалды. Тұратын жерім болмай қиналып жүрмін. Осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрдым. Ақша болмағаннан кейін ол жақтан шығарып жіберді. Балалар үйінде тәрбиеленгендіктен, ешқандай туыстарым жоқ. Малды ауылға да бардым. Балаларымды асырау қиын болып кетті. Сол себепті қалаға келген болатынмын. Әйелім кеше кетіп қалды. Телефонын алмай тұр. Хабарласа алмай отырмын. Балалар мамасын сұрап жүр. Балалардың үлкені 5 жаста, кішісі 2 жаста», - дейді Ерлан Елубаев.

Ол вахталық жұмыс істеген кезде жағдайының жақсы болғанын айтады. Оның әйелінің кетіп қалғанына бүгін екінші күн. Далада балаларын жетектеп жүрген оны қазір ақтөбелік белсенділер қамқорлықтарына алып жатыр.

«Ол кісінің өзінің айтуынша, бұрын тұрған пәтер иесі үш ай қарыз болғаннан кейін шығарып жіберген. Әйелі кетіп қалған ол екі баласын жетектеп далада жүр. Оларды көшеде көрген мейірімді адамдар бір түн қонып шығу үшін кеше түнде пәтер жалдап берді. Бүгін түсте ол жерден шығарылды. Қазір белсенделер көмегімен бұл отбасыға уақытша тұратын жер қарастырып жатырмыз. Көмектесеміз деп жатқандар көп. Сондықтан кешкі сағат 19:00-21:00 аралығында №2 мектеп жанына келулеріңізге болады. Отбасыға тамақ пен жылы киімдер керек», - дейді белсенділердің бірі.

Әлеуметтік желіде жарияланған жігіттің тағдырына бей жай қарамаған ақтөбелік белсенділер бірден көмек қолын созған. Қазір олар екі балалы әкенің атына есеп шот ашуды ойластырып жатыр.

Ерлан Елубаевтың телефон нөмірі:  - 8 775 157 58 51

Тағы да оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетовтің қыздары туралы не білеміз? (фото)

Күйеулері тоқал алып кетпеу үшін қазақ келіншектері не істеу керек?

Атышулы блогер Әсел Баяндарова тағы да шешініп, мінсіз мүсінін көрсетті (фото)

Валерий Меладзе әйелінің қазақ екенін мойындады (фото)

Домбыраның құлағында ойнаған жапон азаматы жұртты сүйсіндірді

Бір топ музыканттар ақшаға тойынған асабаларға қарсы шықты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1274800-aqtobede-kelinshegi-tastap-ketken-zhig.html