RU

Кирилл Релих: Головкин ғана менің деңгейімдегі боксшы

26 жастағы белоруссиялық панчер Кирилл Релих (21-0, 19 КО) осы сенбіге қараған түні Глазгода 63,5 келіге дейінгі салмақта WBA тұжырымының чемпионы, жергілікті Рики Бёрнзді (40-5-1, 14 KO) нокаутқа түсірмек деп хабарлайды Baq.kz.

Шотландиялық та жеңістен дәмелі, ол желтоқсанда төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Эдриен Броунермен кездесуді жоспарлап қойған.

«Бёрнз Броунермен кездеспейді, өйткені ол үшін мені жеңуі тиіс. Мен Рикидің титулын тартып алып, Эдриенмен жұдырықтасамын, оны да нокаутқа жіберемін. Мұны тағдыр дейді. Қарсыластарымды кемсітіп отырғаным жоқ, жай ғана мен олардан мықтымын. Кеше біреу маған қандай боксшы ұнайтынын сұрады. Оған өзімді көрсеттім», — дейді Релих.

«Менің деңгейімде бір ғана боксшы бар, ол – Головкин. Оның жетістігін қайталағым келеді. Ол 36 жекпе-жектің 33-ін мерзімінен бұрын аяқтады. Мен дәл сондай боксшымын», - деп толықтырды ол.

Беларусь боксшысы Бёрнзді нокаутқа түсіруге келгенін, жекпе-жекті алтыншы раундта аяқтайтынын атап өтті.

«Иә, ол оңай шағылатын жаңғақ емес екенін және бір кездері жағы сынып кетсе де, кездесуден бас тартпағанын білемін. Сондықтан қалай да мерзімінен бұрын жеңуім керек», – деп түйіндеді чемпиондыққа үміткер.

Тағы да оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетовтің қыздары туралы не білеміз? (фото)

Күйеулері тоқал алып кетпеу үшін қазақ келіншектері не істеу керек?

Атышулы блогер Әсел Баяндарова тағы да шешініп, мінсіз мүсінін көрсетті (фото)

Валерий Меладзе әйелінің қазақ екенін мойындады (фото)

Домбыраның құлағында ойнаған жапон азаматы жұртты сүйсіндірді

Бір топ музыканттар ақшаға тойынған асабаларға қарсы шықты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1274815-kirill-relikh-golovkin-ghana-meninh-denhg.html