RU

Семейде жоғалған 18 жастағы студент қыз Астанаға қашып кеткен

Семейде іздеу жарияланған 18 жастағы Жансая Нұржанқызы Астанадан табылды деп хабарлайды Baq.kz сайты NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, туған-туыстарының айтуынша, Жансая қалада құрбысымен бірге пәтерде тұрады екен. 2 қазан күні ол «әпкемнің үйінде қонамын» деп шығып кеткен. Бірақ, бойжеткен әпкесінің үйіне сол күйі бармапты.

Ал келесі күні оқуына келген. Алайда, сабақтан шығып үйіне кеткен қызды содан бері көрген жан жоқ. Туған-туыстары мен полицейлер бойжеткенді үш күннен бері іздеумен болған.

Агенттікке Жансаяның әпкесі хабарлағандай, қыз Астанадан табылыпты. Қазір оны алып кету үшін соңынан адамдар жіберілген. Жоғалған қыздың тәтесі оқиғаға қатысты басқа мәліметтермен бөліспеді.

Тағы да оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетовтің қыздары туралы не білеміз? (фото)

Күйеулері тоқал алып кетпеу үшін қазақ келіншектері не істеу керек?

Атышулы блогер Әсел Баяндарова тағы да шешініп, мінсіз мүсінін көрсетті (фото)

Валерий Меладзе әйелінің қазақ екенін мойындады (фото)

Домбыраның құлағында ойнаған жапон азаматы жұртты сүйсіндірді

Бір топ музыканттар ақшаға тойынған асабаларға қарсы шықты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1274914-semeyde-zhoghalghan-qyz-astanadan-tabyl.html