RU

Қостанайда печеньенің ішінен қоңыз тапқан тұрғын есеңгіреп қалды

Қостанай маңындағы Заречный кентінде жергілікті тұрғын дүкеннен бір келі «Юбилейное» печеньесін сатып алған. Кейін печеньенің ішінен «тосынсый» тапқан деп хабарлайды Baq.kz alau.kz-ға сілтеме жасап.

Тұрғын печеньені «Юбилейный» дүкенінен алғанын айтыпты. Екі пакет сатып алған.

«Дүкенде печенье жарты келіден өлшеніп, пакетттерге салынған. Екі пакетін алдық. Біріншіден ешқандай оғаштық байқамадық. Екінші пакетті ашқанда печеньеден бір қара дақ байқадық. Күйіп қағаны шығар деп шетін сындырып едік, қарасақ қоңыз қоса пісіп кеткен екен», - деп әңгімеледі болған жайтты Антонина.

Одан әрі печенье жеуге ешкімнің тәбеті болмаған. Қалғанын лақтырып тастауға тура келді дейді қостанайлық тұрғын.

Тағы да оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетовтің қыздары туралы не білеміз? (фото)

Алматыда алғаш шариғат талаптарына сай қонақүй ашылды (фото)

Атышулы блогер Әсел Баяндарова тағы да шешініп, мінсіз мүсінін көрсетті (фото)

Ақтөбеде келіншегі тастап кеткен жігіт екі баласымен көшеде түнеп жүр (фото)

Жас қыздармен көңіл жарастырған қарт "жұлдыздар"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275146-qostanayda-pecheneninh-ishinen-qonhyz-t.html