RU

Дмитрий Баландин Қазақстанды ешбір елге айырбастамайтынын айтты

200 метрге брасс әдісімен жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Қазақстанды ешбір елге айырбастамайтынын айтты.

Бұл туралы Время басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Мен Қазақстаннан басқа елге көшу туралы ойламаппын мүлде. Біз жаттығу үшін шетелге жиындарға барамыз. Ресей және Израиль чемпионаттарында бақ сынаймыз. Бірақ, сонау Америкаға кетуді ойлаған емеспін. Біріншіден, мен кеткім келмейді. Екіншіден, кетудің қажеті де жоқ. Мен өз елімде, өз қаламда болғанды қатты жақсы көретін адаммын. Жаттығу жиындарына кетсем де, үйге қайтқым келіп тұрады. Мұнда менің достарым, ата-анам, сүйікті қызым бар. Өз елімнен ешқайда кетпеймін", - дейді Баландин.

Чемпионның айтуынша, оған басқа елдердің туы астына өту туралы да өтініш түскен. Алайда, ол бас тартыпты.

Тағы да оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетовтің қыздары туралы не білеміз? (фото)

Алматыда алғаш шариғат талаптарына сай қонақүй ашылды (фото)

Атышулы блогер Әсел Баяндарова тағы да шешініп, мінсіз мүсінін көрсетті (фото)

Ақтөбеде келіншегі тастап кеткен жігіт екі баласымен көшеде түнеп жүр (фото)

Жас қыздармен көңіл жарастырған қарт "жұлдыздар"

Берік Әбдіғалиұлы: Енді Кенесарының бас сүйегін қайтару керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275152-dmitriy-balandin-qazaqstandy-eshbir-e.html