RU

Аршавин қазақстандық журналистің басын қалай тақырлады? (фото)

Алматыдағы алаңдардың бірінде ресейлік танымал футболшы Андрей Аршавин қазақстандық журналист, «ОҢ-ТВ» арнасындағы «Наш футбол kz» бағдарламасының жүргізушісі Петр Воликовтың шашын алып берді деп хабарлайды BAQ.kz.

Шаш алу процесі салтанатты түрде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде өтті. Маусым басында журналист Андрей Аршавиннің Қазақстан чемпионатында көп гол соғатынына күмән келтірген еді. Воликов: «Егер Аршавин «Қайрат» сапында чемпионатта 8 гол соғатын болса, шашымды тақырлап алып тастауға дайынмын» деп уәде берген еді.

Ел біріншілігінің кезекті турында «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді. Сол ойындағы жалғыз голды Андрей соққан еді. Бұл – оның Қазақстан біріншілігіндегі сегізінші голы болатын. Осыдан кейін футболшы журналиске өзінің уәдесін орындауды, қажет болса, шашын өзі алып беретінін айтып видеоүндеу жолдаған болатын.

Кейіннен тележүргізуші шашын алдыруға аса құлықты емес екенін, соңғы сәтке дейін Андрейдің 8 гол соқпайтынына сенгенін айтқан еді.

Дегенмен, кеше Петр уәдесінде тұрып, шашын алдыруға дайын екенін айтты.

«Мен өз сөзіме жауап беруге дайынмын. Сондықтан, басымды сізге сеніп тапсырамын. Кездесуді 6 қазан күні сағат 14:00-ге белгілеймін. Кездесу орны – Алматы қаласындағы «Астана» алаңы, Әлия мен Мәншүк ескерткіштерінің алды. Өзіңді асыға күтемін», – деді журналист.

Аршавин журналистің шақырған жеріне уәделі уақытында келді. Ресейілік футболшының айтуынша, ол алғаш рет шаш алып отыр екен.

Тағы да оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетовтің қыздары туралы не білеміз? (фото)

Алматыда алғаш шариғат талаптарына сай қонақүй ашылды (фото)

Атышулы блогер Әсел Баяндарова тағы да шешініп, мінсіз мүсінін көрсетті (фото)

Ақтөбеде келіншегі тастап кеткен жігіт екі баласымен көшеде түнеп жүр (фото)

Жас қыздармен көңіл жарастырған қарт "жұлдыздар"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275165-arshavin-qazaqstandyq-zhurnalistinh-ba.html