RU

Сұлулық байқауынан соң қаза тапқан арулар

Әлемдік сайыстарда сұлулығымен тамсандырған арулардың арасында өмірден ерте озғандары да бар. Сұлулығына әлем бас иіп, ғұмырлары қысқа болған арулар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

 Александра Петрова (1980-2000)

1996 жылғы «Ресей аруы» және көптеген байқаулардың жеңімпазы әрі модель Александра Петрова 20 жасқа толуына екі күн қалғанда өмірден озды.

1997 жылы Александра көптеген телебағдарламалардың жұлдызы болған. Александраның сұлулығына тамсанғандар оны Голливудта жұмыс істеуге де шақырған болатын.

Алайда, 2000 жылдың 16 қыркүйегінде Петрова басына тиген оқтан қаза тапты. Кейін белгілі болғандай, Александра жергілікті «авторитеттердің» бірімен көңіл қосқан екен. Ол ауруханаға барар жолда көз жұмды.

Моника Спир (1984 - 2014)

2004 жылғы Венесуэланың ең сұлу аруы атанған Моника Спир өз елін «Әлем ханшайымы» байқауында абыроймен таныстырған.

Бірінші күйеуімен ажырасқан модель британдық Томас Берримен көңіл қосқан екен. Екеуінің 5 жасар қызы да бар. Жұбайлар АҚШ-қа көшіп кеткен, алайда, модель өзінің туған жеріне жиі келеді екен.

Сондай сапарлардың бірінде Моника мен Томастың көлігі бұзылып, жолда қалып қояды. Олар полицейлерді шақырады, алайда, қымбат көлікке қызыққан жергілікті ұрылар оларды өлтіріп кетті. Қуанышқа қарай, олардың қызы аман қалған.

Венесуэла президенті модельдің қазасын он жылдықтың ең қайғылы оқиғасы деп бағалап, тергеуді өзі қатаң бақылады.

Агнешка Котлярска (1972-1996)

1990 жылы Польшаның ең сұлу қызы деп танылған Агнешканы жасырын ер адам біраз уақыт бойы мазалаған. Бірақ ер азамат өміріне қатты қауіп төндірмегесін, Агнешка көп алаңдамағанға ұқсайды.

1991 жылы «Мисс Интернешнл» атағын алған Агнешка тұрмыс құрады. Бұл оның жасырын фанатының ашуын келтірген. Ежи есімді 36 жастағы ер адам алдымен Агнешканың күйеуіне шабуыл жасаған. Алайда күйеуіне араша түспек болған Агнешка 4 жерден пышақ жарақатын алып, қайтыс болды.

Генезис Кармона (1991-2013)

«Мисс Туризм - 2013» сұлулық байқауының жеңімпазы Генезис Кармона Николас Модула мен оның жақтастарын биліктен кетіру үшін өткен ереуілде қаза тапты.

Модельдің басына оқ тиген. Әзірге, оны кімдердің атқаны белгісіз.

Мелоди Гершбах (1985 - 2010)

«Мисс Интернешнл - 2009» атағын иеленген соң, Мелоди жол апатынан көз жұмды.

Филиппиндік модель қатты жылдамдықпен жүріп, жолаушылар автобусына соқтығысқан.

Тағы да оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетовтің қыздары туралы не білеміз? (фото)

Алматыда алғаш шариғат талаптарына сай қонақүй ашылды (фото)

Атышулы блогер Әсел Баяндарова тағы да шешініп, мінсіз мүсінін көрсетті (фото)

Ақтөбеде келіншегі тастап кеткен жігіт екі баласымен көшеде түнеп жүр (фото)

Жас қыздармен көңіл жарастырған қарт "жұлдыздар"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275176-sululyq-bayqauynan-sonh-qaza-tapqan-ar.html