RU

Алматыда автобус жол бойында өртеніп кетті

Алматыда Достық даңғылында Бутаковка бағытына қарай жылжып бара жатқан №29 маршуттағы автобус өртеніп кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймухамбетованың хабарлауынша, қоғамдық көліктің өртенгені туралы ақпарат 6 қазан күні сағат 14-59-да келіп түскен.

«Оқиға орнына сағат 15:15-те барған өрт сөндірушілер автобустың өртке оранғанын растады. Өрт сағат 15-26-да сөндірілді. 16-08-де толықтай жойылды», - деді ол.

Өрт аумағы 50 шаршы метр. Оқиғадан зардап шеккен адам жоқ.

Тағы да оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетовтің қыздары туралы не білеміз? (фото)

Алматыда алғаш шариғат талаптарына сай қонақүй ашылды (фото)

Дмитрий Баландин Қазақстанды ешбір елге айырбастамайтынын айтты

Аршавин қазақстандық журналистің басын қалай тақырлады? (фото)

Жас қыздармен көңіл жарастырған қарт "жұлдыздар"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275177-almatyda-avtobus-ortenip-ketti.html