RU

Алматыда жоғалған 19 жастағы қызды сайт арқылы танысқан жігіттердің бірі алып қашқан

Алматыда 2 қазан күні жоғалып кеткен 19 жастағы Диана Советхан аман-есен табылды. Оны төрт күн бойы таныстарының бірі күштеп ұстап отырған. Бұл туралы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Бойжеткеннің ағасы Рашид Тұрсыновтың айтуынша, Диананы полицейлер мен жақындары GPS-навигатордың көмегімен тапқан.

«Біз Диананы Бағанашыл ауылынан таптық. Ол дін-аман. Алайда жігіт алып қашып кеткендіктен, қатты қорқып қалған. Ол Дианадан ұялы телефонын тартып алған. АІІБ-ге жеткенімізде, Диана әлгі жігітпен танысу сайты арқылы бірнеше ай бойы сөйлесіп жүргенін айтты», - дейді Рашид.

Рашид жігіттің қандай мақсатты көздегені түсініксіз екенін алға тартты.

«Үйлену туралы әңгіме болмады. Тек полицейлер сұрақтың астына алғаннан кейін ол үйленгісі келетінін айтты. Алайда төрт күн бойы одан еш хабар болмады. Ал дәстүр бойынша құдалар алып қашқаннан кейін бір тәулік өткесін кеулуі тиіс. Ол жігіттің жеке қателігі», - дейді Тұрсынов.

Бойжеткеннің туыстары жігітке жаза тағайындалғанын қалайды.

Еске салсақ, Диана 2 қазан күні жұмысынан үйге қайтпай, хабарсыз кеткен болатын. Бойжеткен бала тәрбиешісі болып жұмыс істейді.

Тағы да оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетовтің қыздары туралы не білеміз? (фото)

Алматыда алғаш шариғат талаптарына сай қонақүй ашылды (фото)

Дмитрий Баландин Қазақстанды ешбір елге айырбастамайтынын айтты

Аршавин қазақстандық журналистің басын қалай тақырлады? (фото)

Жас қыздармен көңіл жарастырған қарт "жұлдыздар"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1275242-almatyda-zhoghalghan-19-zhastaghy-qyzdy-sayt.html