Выйти
RU

Алматы зообағында Мелман есімді жираф мерт болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы хайуанаттар бағында екі жастағы Мелман есімді жираф мерт болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зообақ баспасөз хатшысы Тохтар Әлиевтің айтуынша, жираф 5 қазанда өлген.

«Жирафтың денсаулығы жақсы болатын. Кеше 15:00-де жүгіріп жүрген. Жарты сағаттан кейін құлап түсті де, өліп кетті», - деді ол.

Жирафқа кесел неден келгені әлі толық зерттелген жоқ. Әлиевтің айтуынша, жануардың өлексесі сараптамаға жіберілген. 10 жұмыс күні ішінде толық нәтижесі белгілі болады.

«Мелман біздің зообақта туып, жетілген. Ол 2010 жылы Алматы хайуанаттар бағына әкелінген жирафтың төлі еді. Зообақ жұмысшылары да әлі ештеңе түсінер емес», - дейді Әлиев.

Еске сала кетейік, Алматы зообағында мамыр айында «Құралай» атты жолбарыс өкпе дертінен өлген болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Иманғали Тасмағамбетовтің қыздары туралы не білеміз? (фото)

Алматыда алғаш шариғат талаптарына сай қонақүй ашылды (фото)

Дмитрий Баландин Қазақстанды ешбір елге айырбастамайтынын айтты

Аршавин қазақстандық журналистің басын қалай тақырлады? (фото)

Жас қыздармен көңіл жарастырған қарт "жұлдыздар"

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы зообағында Мелман есімді жираф мерт болды